Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоқ! - деп айтуды үйрен

Жоқ! - деп айтуды үйрен


 Үндеу

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Елдің болашағы жастардың қолында. Жастар қай жағынан болсын алда жүретіні белгілі. Біз болашақ Қазақстанның рухани тұрғыдан, білім, спорт, өнер мен мәдениет саласында болсын үздіктер қатарынан болғанын қалаймыз.Ол үшін мына біз жас ұрпақ саналы, денсаулығы мықты, батыл, шыншыл болуымыз керек. Жаман әдеттен, сөзден, жолдан аулақ болсақ бұл өзімізге деген құрметіміз. Жалпы нашақорлықтың зияндылығын бірі білсе,бірі білмейді.Жастар арасында ол көбінесе еліктеу арқылы таралады.Ғылыми зерттеу бойынша оны секталар арасында адам басын айналдыру үшін қолданады. Жастар мас болып, олардың сөзін тез қабылдап, сектаға тез кіріп кетеді.Тарихта нашаны "Ассасиндер" қолданған екен.Олар Гашишті қолданған. Жергілікті халық оларды Хашиши дегені сондықтан.Олар да адам басын айналдырып хор қыздары, жұмақ туралы қиялмен алдап, гашиш түтінін иіскетіп, адам өлтіруге жіберген. Бұл кезде көбі қылмыс үстінде көз жұмған деседі.Әр адам өзінің денсаулығына аса мән беруі тиіс. Егер әр адамның сөзіне ере берсе соңы жақсылыққа апармайды.Мысалы: тағы бір кезде нашаны адам саудасы, тән саудасы кезінде адамды мас қылу үшін қолданады. Нашаға мас адам араққа мас адамдай болмайды. Ол көнбіс, әлсіз болып келеді.Бұлар қылмыстық әлемінде қолдану түрлері. Ләззәт алу үшін қолдану ол болатын жағдай. Нәпсіге ерік беруге болмайды.Мәселен, ұрлық жасау барлық елдің ұғымында масқара болып есептеледі. Бірақ ұрлықтан дәм татып дәніккен адамға ол ешқандай да масқара емес. Күнәһарлық ғимаратына кірген соң, саған тыйым салатын ешқандай ереже жоқ.Бәрі де бой үйренуден басталады: темекі де, маскүнемдік те, нашақорлық та. Әлдебір қылмысқа қара күш пе, рухани ма бәрі-бір батыл қадам жасасаң болды, әрі қарай өзінен-өзі майға түскен пышақтай жылжып кете береді екен.Жаман нәрсеге адам жаратылысы тез бейімделіп кетеді. Сондықтан жастар өзге бір түрлі сөздері бұрмаланған адамдардан, өзін-өзі ұстауы қиын, маскүнемдерден алшақ жүруі тиіс. Өз-өзіміздің болашағымызды құртпайық. Бізді ата-анамыз, бауырларымыз уайымдайды. Неліктен? Себебі "жаман жолға түспесе екен, жаман әдеттен аулақ болса екен, Аллам бір өзің жар бола көр" деп аналарымыз дұға етеді. Аналарыңыздың, әкелеріңіздің, мұғалімдердің, полиция қызымеркерлерінің үндеулеріне құлақ салуымыз қажет.Зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстан. Өміріңді тап-таза,мөп-мөлдір етіп өткізгің келсе артық әркеттен, пайдасыз істен, қауіпті адамдардан, еріншектіктен алшақ бол. Адам не нәрсе болмасын өзінен бастауы тиіс.Азғантай уақытша өмірді пайдалы, игі істермен өткізейік!

Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебінің
10"ә" сынып оқушысы Тілеубай Мерей

#есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс
18 қаңтар 2023 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930