Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есірткісіз өмір ғажайып!»

«Есірткісіз өмір ғажайып!»

Қызылорда ОПД  ЕҚҚІҚБ тарапынан
 жарияланған байқауға

«Есірткісіз өмір ғажайып!»

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту деп бекер айтпаса керек.
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түсетіні бәрімізге мәлім.
Адам баласына өмір бір  рет ғана берілетіндіктен, неге керемет өмір сүрмеске?! Есірткінің зардабынан жастар адасып жатыр, болашағына балта шапқанмен бірдей деп ойлаймын.
Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беріп, сынып жетекшім тәрбие сағатын жыл сайын өткізеді.
Әр оқушының ата-анасы зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелейді.
Қазіргі таңда мен отбасымда анам екеуміз тұрамыз. Сабаққа таңертең барып келген соң, түскі асымды ішіп алып, домбыра үйірмесіне аптасына екі рет қатысамын. Одан басқа спорттық жарыс болса, қуана қуана қатысып, мектебімнің абыройын көтеруге тырысамын. Қосымша сабақтарға түстен кейінгіге пән мұғалімдер шақырса, үзбей барамын. Бұдан айтқым келгені, кез келген оқушының бос уақыты болмауы керек, сонда ғана жаман нәрселерден аулақ болады.
Соңғы сөзімді мына өлең шумақтарыммен аяқтағым келеді.
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

@upndpkzo
#есірткігеқарсыбайқауы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Иманғалиев Ибраһим
№47 мектеп-лицейі

03 қараша 2021 ж. 648 0