БАНКРОТ БОЛҒАНДАРҒА БАСҚА ЖОЛ ҚАРАСТЫРЫЛМАҚ
Иә, бүгінде қарыз қамыты барлық қазақстандықтардың басты проблемасына айналып отыр. Тіршілік етемін деп қарекет қылғандардың дені амалсыздан несие алып, өмір сүруге мәжбүр. Себебі бүгінде қара халықтың айлығы шайлығына жетпейді. Әрине, жалақыны жеткізе алмағандар банктың терезесін торуылдап, есігін қағуға амалсыздан барады. Бәрінікі сол күнкөрістің қамы. Бірі қарызды қызын ұзатып, ұлын үйлендіріп, ұлан-асыр той жасау үшін алса, енді бірі қымбат көлік, зәулім үй, жаңа үлгідегі технологиялық заттарды сатып алу үшін алады. Көрпесіне қарап көсіліп жатқандары аз. Табатын табыстары мен алатын жалақыларының шеңберінен шығып кеткендер енді қарызға белшеден батып, тығырықтан шығатын жол таппай жүр. Олардың арасында кәсібінен нәсіп табамын дегендер көш бастап тұр. Рас, ел ішінде түрлі салада жүрген кәсіпкерлер көп-ақ. Бірақ олардың 60 проценті бүгінде банктерге қарыз. Кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығы болмағаннан ба, әлде қаражаттың жетпегенінен бе, әйтеуір тірліктің көзін табамын дегендер өздерін таппай әлектенуде. Не болса да, қарыздың аты – қарыз. Банкке берешегіңіз болса, қалайда төлеу керексіз. Бірақ ісіңіз өрге домалап кетпесе, жалақыңыз жетпесе, қарыздан қалай құтыласыз? Қайтпек керек?
ҚАРЫЗ ҚАМЫТЫ ҚАЖЫТТЫ
«Банк те бір туысымыз болып кетті» дейді бұқара. Шынында да, қазір банкпен етене жақын байланыс жасайтындар көбейді. Тіпті кейбірі «жүз туысыңнан ақша беретін банк артық» деген жаңа мақал тауып үлгерген. Несін жасырамыз? Қаржыдан қысылып, туысыңнан ақша сұрасаң, қалтасындағысын шығарып, қолындағысын бере салмайды қазір. Ал қаржы беретін орталықтардың есігі қара халық үшін әрдайым ашық. Үстіндегі екі есе пайызын қосып төлеуге келіссеңіз, онда қалаған суммаңызды қалтаңызға салып, бөліп төлеуге алған теңгеңізді өз игілігіңізге пайдалана аласыз. Бұрынғыдай қарыз алу үшін құжат жинап, жалақыңыздың мөлшерін есептеп әлектенбейсіз. Қарыз аламын деушілерге мүмкіндік те, жол да көп. Мал мүлкіңіз, жұмысыңыз болмаса да несие рәсімдей аласыз. Себебі бүгінде жеке микроқаржы ұйымдары көбейген. Соның салдарынан қазіргі таңда 8 миллионнан астам азматтың банкке берешегі бар. Ал солардың тең жартысы алған қарыздарын қайтара алмай әлек.

НЕСИЕ ТАҒЫ ДА КЕШІРІЛЕ МЕ?
Несие – бір қарағанда жеке тұлғаның басына қатысты іс секілді көрінеді. Алайда түптеп келгенде, ол – мемлекеттің әлеуметтік экономикалық мәселелерінің бірі. Расында, халықтың әлеуметтік жағдайы ел экономикасының өркендеуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да Перезидент Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылы 554 мың адамға кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша жалпы құны 115 млрд теңге көлеміндегі халық несиесінің кешірілуі туралы заң қабылдаған болатын. Дегенмен бұл атаулы көмекті кез келген адам ала алмады. Тек мұның игілігін асыраушысынан айырылған, көп балалы аналар, мүгедектігі бар жандар мен тұрмысы төмен отбасылар ғана көре алды. Соның өзінде 500 мыңнан аса халықтың 300 мың теңге көлеміндегі несиесі кешірілгені есте. Бұл – біразы адамға пайдасын тигізді әрине.

Сонымен солай дейік. 2019 жылғы аталған көмек жалпақ жұртқа ұнады. Мемлекет тарапынан көрсетілген бұл көмек сәл де болсын халыққа тиімді болды. Тиімді болғаны соншалықты, жұртшылық үкіметтен тағы да несиелерін кешіріп беруді сұрады. Әсіресе, қоғамның белсенді әйелдері мен көп балалы аналары әр түрлі мемлекеттік орындардың есігін торуылдап, несиелерін жауып берулерін талап еткен еді. Алайда талапкерлердің болған халықтың бұл жолғы өтініші мақұлданбады. Себебі Мемлекет басшысы 2019 жылы халықтың несиесін кешірер кезде мұны «бір реттік рақымшылық» деп кесіп айтқан болатын. Оған жұртшылық мән бермеген болуы керек. Әйтеуір 2022 жылы «тағы да несие кешірілетін болды» деп шуласты. Тіпті біршамасы мекемелердің есігін күзетіп, оған арнайы құжаттар да жинамақ болды. Міне, осындай сыбыстардың көбеюіне байланысты Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төреайымы Мадина Әбілқасымова «несие кешіріле ме?» деген сұраққа нүкте қойды. Агенттік төрайымы:
– Әлеуметтік желіде «кредит кешіріледі», «несиеге рақымшылық жасалады» деген ақпарат тарады. Осыдан кейін Агенттікке 3 күн қатарынан жүздеген адам келді. Барлығы 18 мың өтініш түсті. Оның барлығын қабылдап, қаржы ұйымдарына жібердік. Ал 2019 жылы болған рақымшылық тек бір реттік жүргізілген шара. Біз қаржылық жағдайы қиындап, қарызын қайтара алмай жатқан адамдар үшін жаңа заң қабылдадық. Оған сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары адамдарға қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік беретін механизмдер ұсынуы міндетті, – деді агенттік басшысы.
Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына сапары кезінде несиенің кесірінен қарызға батқандардың көп екенін тілге тиек етіп, жақын арада осы мәселе бойынша өз ұсынысын жариялайтындығын айтқан болатын. Бұдан бөлек Астана қаласында өткен кезекті жиында «жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заңға тоқталды. Мемлекет басшысының несиеге қатысты арнайы ұсыныс жасаймын деген сөзінен кейін «несие тағы да кешіріледі» деген әңгіме желдей есті. Тіпті желіде бір-бірінен сүйінші сұрағандары да аз болмады. Дегенмен Мемлекет басшысы халықтың несиесін тағы да кешіру емес, жеке тұлғаның банкроттығы жайлы арнайы заң қабылдаған болатын. Сонымен банкке берешегі бар, банкрот болған қазақстандықтар қандай жеңілдікке ие болмақ?
БАНКРОТТЫҚ НЕСИЕ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ МА?
2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлдады. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Алайда қаржы-вице министрі халықты әзір даурықпауға шақырды. Себебі заң күшіне енгенімен әлі оны құжаттау, қарау мәселелері қарастырылып жатқан көрінеді.

БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛҒАН АЗАМАТТАР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?
Жуырда қаржы вице-министрлігінің мамандары жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасының талаптарын талқылады. Атап айтар болсақ, мұндай азаматтар өзін банкрот деп жариялауы үшін әуелі расында кірісінің жоқ екенін дәлелдеуі тиіс. Ал оны жауаптылар ең төменгі күнкөріс деңгейімен анықтаймыз деп отыр. Яғни, банкрот болған азаматтың айлық табысы 36018 теңгеден аспауы тиіс. Парламенттегілер 8 миллион тұрғынның банктерге берешегі болса, 1 миллион 1070 адамның қазіргі таңда банктің қара тізімінде жатқанын айтып отыр. Демек, Қазақстанда 1 миллионнан астам тұрғынның банктегі қарызын қайтаруға мүмкіндігі жоқ. Банктің қара тізіміне кіргендер үшін «банкроттық несие» туралы заң таптырмас мүмкіндік. Алайда азаматтардың банкрот деп танылуы оңайға соқпауы мүмкін. Себебі қазіргі таңда банкроттық соттың үш түрі қарастырылып отыр. Олар: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілгін қалпына келтіру. Яғни 4,9 миллионға дейінгі банкке қарызы бар азаматтар Азаматтарға арналған үкімет қосымшасы арқылы банкроттық сот туралы өтініш рәсімдей алады. Бұл үдеріс жеке тұлғаның рұқсатынсыз жүзеге аспайды. Сондай-ақ мұндай азаматтар бұл тізімге енуі үшін 12 ай көлемінде банктегі несиесін кешіктірген болуы тиіс. Және де ай сайынғы жалақысы 36018 теңгеден асып кетсе, онда мұндай тұлғалар банкрот деп қарастырылмайды. Ал егер табыс көзіңіз төмен болса, онда сіздің өтінішіңіз мақұлданады. Алайда бес жылға дейін несие рәсімделмейді. Ал егер банкке берешегіңіз 5 миллион теңгеден асып кетсе, онда банкрот болған тұлға бұл істі сот арқылы жүзеге асыратын болады. Мүлкі болса, аукцион арқылы сатылып, қаржы несиені жабуға жұмсалады. Ал жеке тұлғаның атында жалғыз баспанасы болса, оны банк тартып ала алмайды. Алайда азаматтың үйі банк кепілдігінде болмауы керек. Ал кепілдікте тұрған баспана болса, қарызының 85 проценті төленген жағдайда ғана өзіне қалады. Яғни ипотекаға пәтер алып, несиенің басым бөлігін төлеген азаматтардың үйін банк алып қоймайды. Сондай-ақ банкрот болған тұлғалар екінші рет несие ала алмайды, шет елге шыға алмайды, тек банкрот болған азамат шет елге тек емделуге, жұмыс істеуге ғана шыға алады. Бірақ демалуға тиым салынады.

Айта кетейік, жеке тұлғаның банкроттығы туралы сөз 2010 жылдан бері айтылып келеді. Былтыр жүздеген адам несиесін кешіруге рақымшылық сұрап, наразылыққа шыққан болатын. Алайда жауаптылар тек қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін Президенттің тапсырмасынан соң ғана арнайы заң жобасын дайындады. Заңға әлі де толықтырулар енгізіліп, талқылануы мүмкін.
Сымбат СҰЛТАН