Несиеде несібе бар ма?
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр атырапты мекен еткен қазақ ет жақындарыма қарыздармын дейтін бұрын. Ал бүгінде «қарызбын» деген қатты сөз шықты. Басқасын былай қойғанда бас аманда банктерге белшеден қарызға батып жүргендер жетерлік. Санасаңыз саусағыңыз жетпейді. Мәселен, Қазақстанда 9 миллионға жуық адам жұмысқа жарамды екен, ал оның жеті милионының мойнында банктің кигізген «несие» атты қамыты бар. Соның ішінде 1 милионнан астамы қарызын қайтара алмай, қашып жүр. Әрине, банкке барып «процентпен ақша берші» деп сұрасаңыз құдды бір құдасы келгендей құрметпен қарсы алып, талаптарына сай келсеңіз, құрдасына ұсынғандай ақшаны уыстап бере салады. Банк көп, таңдау бар. Бірақ қарызға сұрап алған қуаныштың ғұмыры қысқа дегенді естен шығармағанымыз жөн.
Біз ешкімнің қалтасына қол салып, әмиянын ақтармақ емеспіз. Алайда қазір екінің бірінде несие бар екені жасырын емес. Теңгені тегін бергендей барлығы несиені несібесіне жаратқысы-ақ келеді. Біреу той үшін артынып-тартынып жүрсе, енді біреуі тұрмыстық техника аламын деп қарызға батады, ал енді біреулері бизнес бастау үшін кредит алып, қаржы құйған жақсы деп түсінеді. Бірақ біздегі банктердің жеке тұлғаның күнкөрісін сүліктей соруға негізделген жүйесін көбіміз қаперімізге іле бермейтініміз өкінішті. «Ешкім несиені еріккеннен алмайды» деп ағайынды ақтайық десек, осындай мақсатсыз алған несиеден кейін тілімізді тістеп қаламыз. Өзімізден де қателік бар. Торқалы тойға да, топырақты жиынға да, тіпті туған күн мен киім-кешекке де несие рәсімдеуді әдетке айналдырып алдық. Сондағы мақсат – ағайыннан қарызға ақша алып араз болмау. Бірақ банк берген берешектің сұрауы одан да сорақы. Біріншіден, оның еселеп қайтаратын проценті бар десек, екіншіден ай сайынғы төлемді уақтылы төлемесеңіз артып кететін айыппұлы да бір қиындық. Одан қалды уақытылы төлемеген қарыз үшін сотқа сүйрейтіні, үй мен көлікті тартып алуға құқылы екені тағы бар. Ең өкініштісі, осы ескертпелердің барлығы әу баста келісім шартта көрсетілген. Ал біз сол келісім шартты соңына дейін оқыдық па? Әй, қайдам. Бастапқы бір-екі бетін қарап, қалғанына қарамастан қол қоя салатынымыз бесенеден белгілі. Міне, несие рәсімдеудегі біздің жіберетін бірінші қателігіміз – осы. Осындай жағдайлардың салдарынан талай шаңырақ шайқалып, талай адамның тағдыры тәлкекке түсті. Халық ай сайын жалақысының жартысымен сол несиелерін жылдар бойы жауып қиналып келеді. Әсіресе, бұл көпбалалы отбасыларға ауыр соққы екені өтірік емес.

Қазақта «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген бар емес пе? Бірақ кредит алып, кесірін көргендердің арасында «Екінші рет несие рәсімдемеймін» деп ат тонын ала қашқандар кемде-кем. Қайта керісінше, оңай жерден олжа табылғандай үсті-үстіне кредит ала береді. Мұндай оқиға өткен жылы кредитті кешіру науқанында аса қатты байқалған еді. Баршаға мәлім, Президент Қ.Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойған еді. Ондағы мақсат – қиын жағдайға тап болған отбасылардың: көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың қаржылық ахуалын жақсарту. Науқан кезінде көпшілігі кредитіміз жабылады деп бөркін аспанға атқаны рас. Алайда, бір басында екі несиесі барлардың тек жалғыз борышы кешіріліп, қалғанын бұрынғыша өздері төлейтін болды. Иә, мемлекет несиені халыққа алдырмаудың, оның өсімпұлы өсіп кетпеудің жолын қарастырып, амалын жасап жүр. Мәселен, елімізде төтенше жағдай енгізілгенде де Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев дағдарыстан зардап шеккен халықтың кредитін тоқтата тұруды тапсырды. Бұл да дәтке қуат. Алайда біз кредит алуды, жоқ мақсатсыз кредит алуды азайттық па? Бірақ тоқтаусыз несие берудің тыйылатын күні алыс емес. Бұлай деуімізге жақында ғана халыққа жолданған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы себеп. Жолдауда ел Президенті жауапсыз несиеге арнайы тоқталып, «Тұтынушыларға тоқтаусыз, кейде жауапсыз несие беруді нормативті түрде тоқтату керек. Бұл әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін. Азаматтардың тиісті деңгейде қаржылық сауаттылығының болмауы оларға кредит өнімдерін негізсіз беруге себеп болмауы керек. Биыл менің тапсырмам бойынша нормативтік-құқықтық база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілетіне талап айтарлықтай күшейді» деді. Иә, талап күшейсе, тұтынушы да азаяр.
Ежелгі грек елінде атқа отыра алмайтын және қарызы бар адамдарды қатаң жазалайды екен. Атқа отыра алмайтын адамды жазалау түсінікті. Ал қарызы бар адамның қатысы қанша деп тұрғындар түсінбепті. Сол кезде грек елінің басшысы «Қарызы бар адам алдымен жағдай айтады, сосын сылтау айтады, сосын өтірік айтады. Ал өтірік айтқан адам Отанын сатады» деген екен. Құдайға шүкір, бізде ондай заң жоқ. Егер енгізілсе не болатынын елестетудің өзі қорқынышты.
Маржан БОЛАТҚЫЗЫ