Банктен несие алғысы келетіндер үшін 10 кеңес
Stan.kz Белгілі бір мақсатымызды жүзеге асыру үшін банктің көмегіне жүгініп, несие алуға асығатынымыз рас. Қаржылық мекемеден қарызға ақша аламын деп міндеттерін дұрыс орындамай, барынан айырылып қалғандар еліміздің өзінде аз емес. ВТБ (Қазақстан) банкінің мамандары несие алып, опық жеп қалмау үшін әрбір қазақстандық білуі тиіс 10 кеңесті ұсынады.
1. Несиені алғаннан кейін ай сайын төлеп тұра аласыз ба? Бір жылдан соң тұрақты табыс көзі бола ма? Ең алдымен, өзіңізге осы сұрақтарды қойып, жауап бергеніңіз жөн. Сосын қаржылық қызметтер көрсететін мекеменің атын жамылған алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін банктің мәртебесіне және нарықтағы орнына назар аударыңыз. Әр банктің несиені жабуға беретін уақыты, пайыздық мөлшерлемесі — әртүрлі. Олардың ішінен несиені қайтарғанда үстінен қосылатын ақша көлемі тым көп болып кетпейтіндей, төлем уақыты өзіңізге ыңғайлы болатындай жағдайлар жасалған банкті таңдағаныныз абзал.
2. Банк сізге несие туралы толық ақпарат беруге міндетті. Егер несиеге қатысты бірнәрсені түсінбесеңіз, банк қызметкерінен қайталап айтып беруін сұрауға қысылмаңыз. Қаржымен байланыс маңызды шешім қабылдауда отбасыңызбен немесе жақын адамыңызбен ақылдасып алу үшін банктен уақыт беруін сұрай аласыз.
3. Несие келісімшартының мәтініне, оның мазмұнына зер салыңыз. Келісімшартқа қол қоймай тұрып, банк алдындағы міндетіңізді мүлтіксіз орындауға тиіс екеніңізді ескеріңіз. Несие алушы адам құжаттың әр айқындамасы үшін жауапты. Келіссөздеріңіздің барлығы жазбаша түрде рәсімделуі тиіс. Келешекте қаржылық қызметтер көрсететін мекемемен соттасатындай жағдай болса, құжаттарыңыз құқығыңызды қорғап шығады.
4. Несиенің ақшасы сіздің ғана пайдаңызға жарауы тиіс. Сондықтан несие аларда мақсатыңызды тағы да бір мәрте айқындап алғаныңыз абзал. Банк қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін емес, мәселеңізді шешу үшін қаржылай көмектесетінін ұмытпаңыз.
5. Шетел ақшасына несие алу тиімді болып көрінуі мүмкін. Бірақ тапқан табысыңыз теңгемен бағаланса, несиені ұлттық валютамен алғаныңыз дұрыс. Доллармен немесе басқа шетелдік валютамен алсаңыз, валюталық қатерге ілінесіз.
6. Несие шартын, оның мәтінін көздің қарашығындай сақтауға кеңес береміз. Несиелеріңіз бен депозиттеріңіз жайлы ақпаратты телефон арқылы ешкімге айтпаңыз, интернетке салмаңыз.
7. Несие алған кезде сізге банк картасы берілуі мүмкін. Бұл карта төлем жүргізгенге өте қолайлы. Дегенмен кей кездері алаяқтардың кесірінен одан ақша жоғалып кетіп жатады. Арам пиғылды адамдардың кесірінен опық жеп қалмау үшін картаңызға лимит қойып қойыңыз. Лимит үлкен көлемдегі ақшамен алданып қалуыңызға жол бермейді.
8. Егер ұялы телефоныңызға "мобильді банкинг" қызметі қосылса, гаджетіңізге банк картасына қарағандай мұқият болыңыз.
9. "Несие пирамидасын" құрмаңыз. Бір банктегі несиені жабу үшін екіншісінен қарыз алмағаныңыз жөн. Ерте ме, кеш пе, мұндай "пирамида" құлдырап, зардабын шегесіз.
10. Қаржылық мәселелеріңізді өз мойнына алуға дайын адамдардың, күмән тудыратын заңгерлердің көмегіне жүгінбеңіз. Ақшаңыз таусылған кезде олар сізді қиындықтарыңызбен оңашада тастап кетеді.
Несие алу немесе кепілсіз несиені қайта қаржыландыру туралы қосымша мәліметті, ВТБ (Қазақстан) банкінің басқа өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласып немесе банк сайтында онлайн сұратым қалдыру арқылы ала аласыз.