Қазақстанда бұдан былай білім грантын несиеге алып оқуға болады
Бұған білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығы кепіл болмақ. Кредитті оқуға бөлінетін несие қолға берілмейді. Студенттің есепшотына түседі. Бірақ талап қатты. Талапкердің тестідегі ұпай 50 балдан, jp көрсеткіші 1,33 балдан төмен болмауы керек. "Кредит ұзақ мерзімді болып саналады. 10-12 жылға дейін беріледі. Ерекшелігі - студент оқу бітіргенге дейін тек проценттік үстемесін төлеп, оқу бітірген соң ғана 6 ай өткенде несиені кесте бойынша өтейді. Қазіргі уақытта 15 млрд теңгенің 11 млрд теңгесі қайтарылды",- дейді Қаржы орталығының менеджері Қуаныш Мәулетов. Егер студент грантқа ауысса, несиесі тоқтатылады. Несиені 2 апта ішінде рәсімдеуге болады. Мемлекеттің білім депозиті де бар. Оның басқалардан артықшылығы кез келген оқу орнын таңдай аласыз. Мұнда банктің пайызынан бөлек 3 жылдан 20 жылға 5 процент, аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға 7 процент, мемлекеттің сыйақысы бар. Қазіргі уақытта Aqyl депозитін 20 мың адам ашып үлгерген. Олардың жиған қаржысы 20 млрд теңгеге жетті.
ernur.kz