Несиені алғанда ескеретін нәрсе
Қарызға алынған қаражат кез келген мәселені тез шешуге көмектеседі. Бірақ алған қарызымыз бас ауруына айналмас үшін оны дұрыс рәсімдеу керек. Нарық қыспағына байланысты қарызсыз адам армансыз адаммен тең дейтін деңгейге түстік. Халықтың ашынатындай уәждері де орынды. Енді ше, бақандай 2-3 жыл бойы өсімпұлымен бірге төлеп отырған несие көлемі – біреулердің бір айлық жалақысы. Оған да ешкім кінәлі емес. Десек те аспан мен жерді жалғай алмайтын алшақтық бар.
Нарық заманында әркім «өзім дегенде өгіз қара күшім» дегендей жанталасып күн кешіп келеді. Бұрынғыдай біреуге-біреу көмек көрсету, қысылтаяң шақта қолғабыс ету шет қалып барады. Оның орнына біреу сүрінсе, әрі қарай итеріп тастауға ниет басым болып кетті. Әртүрлі жағдай болып, қаржы мәселесі бүйірден қысқанда бақыр тиын бере қоятын ағайынның да ауылы алыстағандай. Осындай қоғамға келгенде үстеме пайызбен несие беретіндердің жолдары болып тұр. Көпшілікті қарызға батырып, несібесін несиеден көріп жүргендер жетерлік. Осыдан кейін амалы таусылған халық банк жағалап, есігін тоздырады. Қысылып барғанда банктегілер күліп қарсы алып, қажет соманы қолына ұстатып, шығарып салады. Сосын алған ақшаңды екі-үш есе үстеме ақымен қайтарып алады. Алмақтың да салмағы бар. Сөйтіп, тірнектеп жүріп тапқан табысың несиені жабумен кетіп, отбасының берекесі қашады. Ынтымақтың ұйытқысы – ырыс кеткен соң жанұяның құты қашып, шырқы кетіп жатады.
Несие алғанда нені ескеру керек?
Несие рәсімдеу үшін кез келген азамат алдымен пайыздық мөлшерлемеге назар аударады. Қай банкте пайыздық мөлшерлеме төмен, соған асығады. Алайда пайыздың өзіне бей-жай қарамаған абзал. Пайыздарды ұсынарда банктер де түрлі әрекеттерге барудан танбайды. Пайыздық мөлшерлеменің екі түрі бар. Олар атаулы пайыздық мөлшерлеме (номинальная ставка) мен тиімді жылдық пайыздық мөлшерлеме (годовая эффективная ставка вознограждения. Банкке бара қалсаңыз көбіне атаулы пайыздық мөлшерлемені айтады. Сондай-ақ көшедегі билбордтағы жарнамалар да 15 пайызбен несие рәсімдейміз деп жарқыратып жазып қояды. Бұған сенген халық сол банкке қарай ағылып, алданып қалады. Яғни жарнамада 15-16 пайызбен несие береміз деп жазылып тұрғандардың бәрі атаулы пайыздық мөлшерлеме. Тіпті бәзбір банкке барғанда сізге 15-16 пайызбен рәсімдеп жатқандай көрінеді. Алайда банк менеджері сізге жылдық, яғни тиімді пайыздық мөлшерлемені айтпай қалуы әбден мүмкін. Сол себепті банк менеджерінің алдына барғанда міндетті түрде банктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі қандай екенін сұрауыңыз шарт. Сонда ғана менеджер бәрін түсіндіріп береді.
Келісімшартты толықтай оқып шығу
Банктермен несие рәсімдерде келісімшартқа қол қоясыз. Ал сіз келісімшартқа қол қоймас бұрын онда не жазылғанының бәрін ерінбей оқып көрдіңіз бе? Көпшілігіміз күйбең тіршіліктің қамымен жүріп, несие рәсімделген құжатты оқып, зер сала бермейміз. Осы орайда келісімшартпен түбегейлі танысып шығуға кеңес береміз. Себебі онда да сізге айтылмай қалған түрлі қулықтар жатуы әбден мүмкін. Тіпті ұсақ жазулармен жазылған мәтіндерді де ерінбей оқыңыз. Сонымен қатар, келісімшартты, төленді деген смс хабарламаны, чекті талап ету керек.
Ақша алатын кезде клиент шамасына қарау
«Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген сөз бар, сондықтан несие рәсімдеудің алдында өз қаржылық мүмкіндіктеріңізді саралап, салмақтап алу керек. Сол кезде қиын болмайды. Мысалы жалақыңыз уақытылы қолыңызға тимесе, кешіктіретін болса, ай сайын төленетін жарнаны соңғы сәтке дейін созып жүрудің қажеті жоқ. Одан да қажетті соманы алдын ала дайындап қойыңыз. Сондай-ақ несиені төлеуге шамаңыз жетпейтінін, қалта көтермейтінін білсеңіз, қарыз алмаңыз. Несие көлемі ай сайынғы табысыңыздың 35 пайызынан аспауы керек. Сонымен қатар онлайн-несиеге де банк несиесіне қарағандай өте үлкен мән беріп, қарау керек. Егер тұтынушы ол ақшаны не істейтінін нақты білсе және сервис қызметтеріне дайын болса, ол онлайн-сервистердің жылдамдығы банк несиесінен әлде қайда тез. Аларда он рет ойланып, бір рет шешім қабылдау керек.
Дегенмен жай ғана сәнді гаджетке қызығып, мойныңа қарыз жүктеуің мүмкін. Арманыңдағы құрылғыны қолға түсіруге деген құлшыныс парасатты шешім қабылдауға кедергі жасаса, ол дұрыс емес. Сондықтан банктерге жіпсіз байланып, шырмауына ілікпеудің қамын жасау үшін қарызға кірмеудің амалын жасаған абзал. Аз-маз тапқаныңызды қажетіңізге жаратып, барға қанағат қылған жөн. Несібе-несие емес, несібе-береке. Қарызсыз өмір сүретін қоғамға ұмтылайық?!
Жұлдызай Ноғайбайқызы.