Былғары етік бізде бар
Тұрандық Жандәулет Қарекеев тіккен таза былғары аяқ киімдер жайлы естідіңіз бе? Аядай ауыз бөлмеде өндіріліп жатқан өнімдер отандық нарықта өзіндік орнын алып үлгерген. Қанымен дарыған өнерді қасиетіне балаған шебер атадан қалған кәсібін дөңгелетіп отыр. Жұмыстың көзін тауып, кәсібін кәдеге жаратқан етікшінің өнімдеріне бүгінде сұраныс көп. Таяуда шебердің ұстаханасына арнайы барып, әңгімелесіп қайттық.
– Етікшілік – атакəсіп. Бұл өнерді жаңғырту ойы қалай пайда болды? Əлде атадан жеткен шеберлік пе?
– Ата-бабам ұста болған. Атам – бір қыздың жасауын киімінен зергерлік бұйымы, аяқ киіміне дейін жалғыз өзі жасап береді екен. Әкем өз әкесінен көргенін маған үйретті. Ары қарай өзім ізденіп, алып кеттім. Қазір Қостанай, Көкшетау, Петропавл секілді ауа райы суық облыстардан тапсырыс берушілер көп. Желтоқсан, қаңтар айлары жұмыс қызу жүріп жатыр. Тапсырысты уақытылы орындау үшін күні-түні жұмыс істеудеміз.

– Ең бірінші тапсырысты қалай бастадыңыз? Алғашқы тұтынушыңыз кім?
– Алғашқыда бірден етік тігуге тапсырыс қабылдай қоймадым. Бірінші ағайын-туысқа тігіп бердім. Қазақтың керемет сөзі бар «Кілем сатсаң ауылдасыңа сат, бір шетінде өзің отырасын деген» менде осы ұстаныммен өзіміз жасаған өнімді әп дегеннен сатылымға шығара қоймадым. Алдымен үйдегілерге, балаларыма, туыстарыма тігіп жүрдім. Қай жерінде кемшілігі бар, аяқты талдырама, оның кию барысында тез тозама соның бәріне баса назар аудардым. Былайынша айтқанда шеберлігімді ұштап, даярлап алдым. Әбден сапасына көзім жеткен соң ғана тапсырыс қабылдай бастадым. Шүкір, қазір 4 жылға жуықтады, бірде-бір теріс пікір айтылған емес.

– Бір аяқ киімді тігуге қанша уақыт жұмсайсыз?
– Бір дана қыстық аяқ киімді тігуге екі күн жетеді. Алдымен лекалды, яғни былғарыны пішіп-қиып, машинада тігу, қалыпқа салып тарту, бір күн кептіру, табанын жапсыру сықылды жұмыстар атқарылады. Ал бір саптама етікті тігу үшін бір апта уақыт керек. Алдымен оның шегесін, былғарысын дайындаймыз, одан соң аяқтың өлшем бірлігіне шығарамыз. Шұқыма жұмысы көп. Етік тігу әсілі, оңай іс емес, оған ерінбейтін, төзімді, бұл кәсіпті сүйетін адам ғана барады. Бастысы ақшаны көбірек «қабу» емес, өнімнің сапасына жұрттың көзін жеткізу маңызды.

— Аяқ киімге қажетті сапалы табан, желім құралдарын қайдан аласыз? Былғарыны арнайы тапсырыспен алдыртасыз ба?
— Тараздық Жанболат деген кісі бар. Сол кісі арнайы шақыртумен әр қалаға келіп теріні илеп кетеді. Одан бөлек отандық «Тұран» атты былғары зауыттың өнімін пайдаланамын. Ал өзге құрал-жабдықтарды Алматы, Шымкент секілді ірі қалалардан тапсырыспен алдырамын.

– Етік тігуде қандай технологияны қолданасыз?
– Нақты бір технологияны қолданып отырған жоқпыз. Қолымызда бар құрал-саймандарды – тігін машинасын, станоктарды пайдаланамыз. Арнайы қалыптарымыз бар. Көбі қолдың жұмысы. Аяқ киімдер тек таза былғарыдан тігіледі. Дизайнын да өзіміз жасаймыз

– Сіздің аяқ киімдеріңіздің базардағы өнімдермен салыстырғанда нендей айырмашылығы бар? Саудагерлер: «Қытай аяқ киімдерінің фирмадан шыққан түрі бар, алсаң ұтылмайсың» деп жатады. Осыған не айтасыз?
– Біріншіден, адам денсаулығына зиян келмес үшін аяқ киім таза былғарыдан жасалуы тиіс. Базардағы аяқ киімдердің қандай теріден жасалып жатқаны белгісіз. Ал біз негізінен сиыр терісін пайдаланамыз. Екіншіден, базардағы аяқ киімдердің табанына көп жағдайда қатты қағаз салып жібереді. Бұл мүлде дұрыс емес. Табанына да тері пайдаланылуы керек. Сонда ғана аяғымыз терлемейді, жағымсыз иіс шықпайды. Бұдан бөлек біз білмейтін қауіпті химикаттың түрі толып жатыр емес пе?! Зияны туралы айтпаса да түсінікті.

– Демек, дұрыс аяқ киім таңдау әлдеқайда маңызды дейсіз ғой. Ал сіздегі сапалы өнімнің бағалары қандай?
– Әрбір тапсырыс берушінің аяқ өлшемі әртүрлі келеді. Басқа тұрмақ, бір адамның екі аяғын салыстырмалы түрде өлшеп қарасақ, бірдей емес. Себебі жалпы оң аяққа көбірек салмақ түседі. Барлығы ескерілуі тиіс. Қолдан шыққан дүние сол үшін де құнды. Біздегі ерлер етігінің құны 25 мыңнан басталады. Одан кейін қонышына, басқа да ерекшелігіне байланысты баға өседі. Ең қымбаты – 45 мың теңге. Мәсілер де қонышына, материалына байланысты 25-35 мың тұрады. Ал саптама етіктер – 120-150 мың теңге, іші сырты былғарыдан, ағаш шегемен шегелеп тартып, көмкереміз, ішіндегі байпағы киізден жасалады, өкшесі үш қабатты, тұмсығы екі қабатты былғарыдан тұрады. Өте сапалы, аяққа жеңіл, төзімді келеді. Сонан соң кез келген сатып алушыға кепілдік беремін. Егер аяқ киіміңіз ешқандай себепсіз жыртылып қалған күнде ақысыз қайта жөндейміз. Бірақ бүгінге дейін ешбір адамнан мұндай шағым болған емес.

– Қазақта «Ерінбеген етікші болады» деген сөз бар. Бұған қарап етікшілік өнердің табандылықты талап ететіндігін байқаймыз. Дегенмен нарықтық заманда еңбектің жануы үшін қолдау да қажет сияқты. Мемлекеттен қандай да бір көмек алдыңыз ба?
– Әрине, дұрыс айтасыз. Екінің бірі етікші болмайды. Бұл – өте қиын кәсіп. Десе де бұған дейін ешқандай көмек алмадым. Бірақ мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, шағын кәсібімді цехқа айналдырсам деймін. Қазір қасымда екі інім бар. Арасында әкем көмектеседі. Құдай қаласа үйдің жанынан үлкен цех ашуды жоспарлап отырмыз. Ойымыз жүзеге асып жатса жас жігіттерді тәрбиелеп, жаңа жұмыс орындарын ашатын боламыз.

– Аяқ киім шебері ретінде көпшілікке қандай кеңес берер едіңіз?
– Бір ғана кеңес айтқым келеді. Кезкелген арзан аяқ киімнің зияны қымбатқа түседі. Басты байлық денсаулық десек, оны күту сол аяқ киімге мән беруден басталады. Сондықтан да өзіңіз үшін де, балаңыз үшін де аяқ киімнің сапалысын таңдаған дұрыс.

– Тапсырысты қалай қабылдайсыз?
– Адамдар көбіне әлеуметтік желілерден көріп, хабарласып, тапсырыс беріп жатады. Сосын ватсаптағы бейнеқоңырау арқылы тұтынушыға аяқ өлшем бірлігін қалай алуды түсіндіреміз. Дайын аяқ киімдерді тапсырыс берушінің қалауы бойынша, пошта, пойыз, автобус немесе таксиден салып жібереміз.

– Отандық өнімге сұраныс қалай? Нақты қандай аяқ киім түрлерін тігесіз?
– Сұраныс өте көп деуге болады. Тіптен үлгере алмай жатырмыз. Мәселен саптама етікті тігу үшін бір апта қажет. Ал қарапайым қыстық етікті 2 күнде тігіп бітіреміз. Етік, саптама етік, құрым етік, ағаш шегемен шегеленген мәсі, одан бөлек тапсырыспен күздік аяқ киімдер, балалар аяқ киімдерін тігемін. Енді әйелдер етігін тігуді бастамақпын.

– Әңгімеңізге рахмет!
Қорыта айтқанда, етікшілік – ерен кәсіп. Мағжан Жұмабаевтың: «Жүрген жанның артында ізі қалар, Етікші өлсе, балға мен бізі қалар» дегені бар. Өкінішке қарай, қазір ел арасында етікшілікті кәсіп қылғандар кем. Кеңес одағының кезінде Қазақстанда 11 аяқ киім фабрикасы жұмыс істепті. Ал қазір етік тігетін фабрикалар жоқтың қасы. Әрине, жекелеген етікшілер бар. Қазақтың ежелден келе жатқан ата кәсібінің жүгін арқалап жүргендер солар ғана. Сондықтан осындай тың кәсіпті жандандырып жүрген еңбек адамдарына ерекше қолдау қажет.
Сұқбаттасқан Гүлхан ЯХИЯ
Сұқбаттасқан Гүлхан ЯХИЯ