Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Перзентханадағы мереке

Перзентханадағы мереке

Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Әмір кішкентай емделушілерді жаңа жылмен құттықтады.
Алдымен ауруханының перзентхана бөліміне барып, ондағы жаңа туған нәрестелердің аналарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Одан соң хирургия және балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан балапандармен кездесті.
– Қоян жылы ырысты, берекелі, тыныштық пен құт-береке дарыған, барлық тілектерін орындалатын жыл болсын! Әрқайсыңызға зор денсаулық пен әр отбасыға қуаныш, ұзақ ғұмырлы шуақты күндер тілеймін, – деген бас дәрігер ем қабылдап жатқан 90 бүлдіршінге жаңа жылдық сыйлық табыстады. Мерекені ауруханада қарсы алған кішкентай емделушілер бас дәрігердің ыстық ілтипатына ризашылығын білдіріп, қуанышқа бөленді.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
06 қаңтар 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031