БАРЫС ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР
Барыс жылы да тарих қойнауына кетті. Қоян жылының алғашқы ақ парақтары да ашылып үлгерді. Өткен жыл Қаңтар қасіретімен есімізде қалады. Иә, қиындық та, қуаныш та аз болған жоқ. Дегенмен өткенге өкпе жүрмейді. Газетіміздің 2022 жылы 30 қаңтарда шыққан нөмірінде барыс жылында Шиеліде орын алған айшықты ақпараттармен бөліскен едік, енді елдегі елеулі деген оқиғаларға талдау жасап көрелік.
Берекелі балалар жылы
Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Ең алдымен әр баланың сапалы білім алуына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне көңіл бөлінді. Балабақша мен мектепте тамақтану сапасын күшейту, астың құнын реттеуге қатысты өзгеріс енгізілді. Мектептегі тамақтануға қоғамдық бақылау жандандырылды. Барлық білім беру ұйымдарында бейнекамера орнатылды, нысандарды қорғауды күшейту үшін турникеттер, дабыл түймелері қойылды. Биыл тұңғыш рет баланы қорқытудан (буллингтен) қорғау құқығы бекітілді, бұл қудалауға ұшыраған балаларға уақытылы ескертуге және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің бірыңғай қағидалары қабылданды. Елімізде балалар әл-ауқатының индексі алғаш рет әзірленді.
Балаларға 10 мыңнан аса операция жасалды. Медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 560 млрд теңгені құрады. Президент Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында балаларға арналған Ұлттық қор құруды тапсырды. Балалардың әлеуметтік жинақтаушы шоттарына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы аударылады. Бұл шоттағы сома бала 18 жасқа толғанға дейін алынбайды. Осыдан кейін жинақталған қаражат тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға төлем ретінде жұмсалады. Аталған қор өз қызметін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастайды.
Үш облыстың ашылуы
Президент Қ.Тоқаевтың 3 мамырдағы жаңа облыстарды құру туралы Жарлығы 8 маусымда күшіне енді. Жарлыққа сәйкес, су жаңа облыстар пайда болған соң, еліміз әкімшілік-аумақтық тұрғыдан 20 өңірге бөлінді. Олар – 17 облыс, республикалық маңызы бар 3 қала. Ең кіші өңір – Ұлытау облысының құрамына бұрынғы Қарағанды облысының құрамындағы Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары кірді. Жезқазған облыстың әкімшілік орталығы болды. Ал Шығыс Қазақстаннан бөлініп шыққан Абай облысының халқы шамамен 640 мың адамды құрады. Алаш қаласы Семей әкімшілік орталыққа айналды. Алматы облысынан бөлінген Жетісу облысы – ең халқы көп өңір, 650 мыңнан аса адам тұрады. Талдықорған қаласы әкімшілік орталық болып бекітілді.

Референдум – Ата заңды өзгерту
Қаңтар оқиғасы еліміздегі ауқымды саяси және конституциялық реформаларды бастауға себеп болды. Президент Қ.Тоқаев халыққа үндеуінде Ата заңымызға бірқатар түзету енгізу қажеттігін жариялап, оны республикалық референдумға шығаруды ұсынды. 2022 жылдың 5 маусымында, сонау 1995 жылдан кейін алғаш рет елімізде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтті. Қазақстандықтар негізгі заңға енгізілетін 33 өзгеріске дауыс берді. Солардың қатарында Президенттің саяси партияларға қатысты саяси бейтараптығын қамтамасыз ету, Мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектордағы басшылар лауазымдарына тағайындалуына тыйым салу, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту, Мәжіліс депутаттарын бір мандатты округтер бойынша сайлау, өз міндеттерін сапасыз орындағаны үшін депутаттық мандаттарды қайтарып алу тетігін енгізу, ҚХА квотасын өзгерту, облыс әкімдерін баламалы негізде тағайындау, Конституциялық сот құру, адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту, заңдағы Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттіктеріне қатысты 46-бапты алып тастау және т. б. бар.

Дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 77,18 пайызы Ата заңға енгізілген түзетулерді жақтады. Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында жаңа дәуір басталғанын көрсетті.
Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды
Салтанатты рәсімге Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. Мұсылман мемлекеттерінің мүфтилері мен елшілері де ізгі тілек, жылы лебізін жеткізді. Мешіт орналасқан жер учаскесінің алаңы – 10 гектар. Сонымен қатар мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан. Бірінші және екінші қабаттарда, намаз оқитын орыннан бөлек, сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар.

Мешіттің жалпы сыйымдылығы 235000 адамды құрайды, яғни бір мезетте осынша адам сапта тұрып намаз оқи алады. Ашық алаңда шамамен 200 мың адам, яғни: подиум мен сахна аймағында 30 мың адам, мешіт ауласында 170 мың адам бір мезетте құлшылық жасауға мүмкіндік бар. Мешіт ішінде 35 мың адам, яғни ерлерге арналған орында 30 мың адам; әйелдерге арналған орында 5 мың адам намаз оқи алады. Сыйымдылығы бойынша республикалық бас мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енді.
Екі күнде – үш саммит
Астанада 13-14 қазанда үш ірі халықаралық форум өтті. 13 қазанда – Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің VI саммиті, 14 қазанда – ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы және «Орталық Азия – Ресей» саммиті». Басқосуларда әлемдегі геосаяси ахуал, стратегиялық серіктестік, өңіраралық ынтымақтастық мәселелері ашық талқыланып, маңызды құжаттарға қол қойылды.

Рим Папасының келуі
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Екі күндік халықаралық жиында әлемнің 50 елінен келген дін (ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм және т. б.) көшбасшылары жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатысты ең түйткілді мәселелерді диалог алаңында талқылады. Мәртебелі меймандардың арасында Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиф және т. б. болды.

Діндер құрылтайына қатысу үшін 13 қыркүйекте астанаға Рим Папасы Франциск ұшып келді. Мәртебелі мейманды әуежайдан Мемлекет басшысының өзі күтіп алды. Бұл – Қазақстанға табан тигізген екінші Рим Папасы. Осыдан тура 21 жыл бұрын, 2001 жылы 22 қыркүйекте Ватиканның сол кездегі билеушісі – Иоанн Павел II Астанаға келген еді. 2013 жылы 13 наурызда Рим Папасы болып сайланған Францисктің бұл Орталық Азияға тұңғыш сапары. Әлемдегі геосаяси ахуал ушыққан кезде «Форбстың» рейтингі бойынша әлемдегі ең беделді адамдар тізімінде 6-орында тұрған оның елімізге келуі елеулі оқиға болды. Рим Папасы діндер съезінде ұлы Абайдың сөздерінен мысал келтіріп, өзінің негізгі ой-тұжырымдарын әлем халқына жолдады. Ол 14 қыркүйекте «Нұр әлем» павильоны алдындағы алаңда қасиетті уағызын өткізді. Діни мессаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия және өзге елдерден 10 мыңға жуық адам қатысты. Ертеңіне католиктердің көсемін құрметпен жолға шығарып салған Қ.Тоқаев қасиетті домбырамызды сыйға тартты.
Республика күні оралды
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде кейінгі жылдары атаусыз қалған Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деп түсіндірді Президент.
Мемлекет басшысының бастамасын жүзеге асыру үшін бір топ депутат «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды. Ал 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойды. Заңға сәйкес, 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленді. Сөйтіп, биыл Қазақстан халқы 13 жылдан кейін қайтып оралған ұлттық мереке – Республика күнін атап өтті. Алайда 1 және 17 желтоқсандағы демалыс жойылды.
Ұлт ұстазы ұлықталған жыл
Барыс жылының басты мерейтойы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен халқымыздың бұлбұл әншісі, Қаз КСР және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы болды. Бұл мерейтойлар ЮНЕСКО деңгейінде, яғни елімізде ғана емес, шетелде де аталып өтті. Ұлтымыздың тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаған тарихи тұлға мен атақты әншінің мерейтойларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше мән беріп, тиісті тапсырмалар берді.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын лайықты деңгейде атап өту үшін Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ұлт ұстазының музей-үйіне барып, ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.
«Жұртына пайдасы тиетін жұмыстың бәріне Ахаң үлес қосқан. Тіпті бірқатар саланы өзі бастап берген. Ол қазақтың төл әліпбиін жасады, алғашқы әліппемізді құрастырды. Сондай-ақ оқулық жазып, тіл білімінің негізін қалады. «Қазақ» газетін шығарып, баспасөздің дамуына жол ашты. Арада қанша жыл өтсе де, оның рухани мұрасы жұртының игілігіне жарап келеді. Сол себепті жұртымыз оны «Ұлт ұстазы» деп ардақтайды» деді салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы.
Былтыр А.Байтұрсынұлының құрметіне режиссер Мұрат Есжан «Ұлт ұстазы» киносын түсірген болатын. Биыл режиссердің «Міржақып. Оян қазақ» атты үш бөлімді тарихи туындысы жарыққа шықты.
Г.ЯХИЯ