Егемен елдің еңсесі биік
Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдың желтоқсан айы тарих бетіне алтын әріппен жазылғаны аян. Ықылым заманнан ата-бабаларымыз аңсаған, көктегі арман болған күн қазақ елінің шаңырағына да бақ құсы болып қона кетті. Еліміз үшін Тәуелсіздіктен асқан киелі ештеңе жоқ.
Өйткені, тәуелсіздікті ойласақ көз алдымызға Ресей империясының Ұлы даламызға жасаған басқыншылығы, халқымызды отарлау саясаты, жерімізді, территориямызды иемдену, зорлық-зомбылық жасап бай азаматтарымызды қудалау, қазақ халқына қолдан жасалған ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, Алаш зиялыларына арнайы қуғын-сүргін, репрессия ұйымдастыру, қазақ шаруаларынан құнарлы, құйқалы, көрікті жерлерді тартып алу сынды құйтырқы әрекеттері келеді. Ұлы Отан соғысы, қазақ еліне өзге ұлт өкілдерін көшіру, тың игеру саясатын жүргізіп, республикамызда орыстар санын арттыру, сөйтіп қазақ елін өмірлік бодандықта ұстау, реті келсе, жер бетінен қазақ деген ұлтты жойып жіберуді көздегені, оны одан әрі шовинистік көзқарастағы большевикьтердің жалғастырғаны тарих қойнауында сайрап жатыр. Құлдықты, бодандықты, азапты, тозақты, жер аудару мен түрмені, қуғын-сүргінді, ұлтшылдықты, кемсітуді бастан кешкен қазақтар осының бәрін қалай ұмытсын?! Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Қазақ халқы барлық сынаққа қанша қиналса да шыдап, сүрінбей өткен төзімді, сабырлы, ақылды халық. Үш миллионнан аса адамнан айырылсақ та, өжеттіктің, қайсарлықтың, қаһармандықтың, батылдық пен батырлықтың, кей тұста айлакерліктің, ақыл-парасаттың, қазақша дипломатияның арқасында егеменді ел болдық. Киелі бабаларымыздың әруағы қолдады. Қыдыр ата жолдас болды. Кең байтақ жерімізге Алланың нұры жауды. Соған шүкіршілік жасауымыз керек. Тәуелсіздігімізді сақтап қалу – баршамызға ортақ парыз.

Қасіретті қаңтар оқиғасы бізге үлкен сабақ болып қалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешімі қоғам тұтастығын сақтап, Тәуелсіздік кепіліне айналды. Сондықтан біз Президент Қ.Тоқаев айтқандай, «Ең басты құндылығымыз Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз».
Тәуелсіз қуатты да табысты елге айналып, жасампаздық даңқы артқан Қазақстан өз жетістіктерімен әлемді таңқалдырып мойындатса, ұлттық мүдделеріміз қамтамасыз етіліп, елдің халықаралық беделі артуда. Қазақ қашанда елімізде тұратын диаспора өкілдерінің игілігін, достығын сақтай отырып, қоғамдағы тұрақтылықты, бірлікті, ынтымақты көздейді. Ел-жұртымыз мемлекетіміздің болашағы, әлеуеті мен экономикасының артуы, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы жолында еселі еңбек етіп жатыр. Оған облыс та, аудан мен ауылдар да сүбелі үлестерін қосуда. Облыс көлеміндегі, Шиелі өңіріндегі соны серпілістер мен жаңалықтар, атқарылып жатырған игі істер соның айғағы десек болады. Шиелі халқы құт-береке дарыған, қасиетті жеріміздің қойнауында мол қазына бұққан, төсінде кен иіген кербез даласын әркез мақтаныш тұтады. Табиғи байлығымыз өз игілігімізге айналып жатса, одан өткен бақ та, бақыт та жоқ біз үшін. Өнеркәсібі дамыған, ауыл шаруашылығы алдыңғы қатардан орын алған, экономикасы қарыштаған, мәдениеті гүлденген, жастары жайнаған, ақсақалдары дұрыс қартая білген, әлеуметтік мәселелері оң шешіліп жатқан Шиелі ауданы – ел тәуелсіздігі арқасында алға қойған міндеттер үдесінен шыуда. Әлеуетті де дәулетті, көрікті Шиелі ауданы, әсте, жасампаздықпен, жанкешті еңбекпен Тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, алға баса береді.
Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Өркен Исмаил,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы