Шоқтығы биік тұлға
31-мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде тарих-география, құқық пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тарих беттерінен: шоқтығы биік тұлғалар. Мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасов» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шара кеудесін отқа да оққа да тосқан қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Жалпы, тарихқа көз жүгірте отырып, қазақ халқының сонау ғасырлар бойы басынан өткерген талай қасіретімен қатар, қанды қырғынға салған репрессия жылдарына шолу жасап, Алаш зиялылары мен қоғам қайраткерлерін тілге тиек етті. Сол тұлғалар қатарында мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасов та бар.
Сонымен қатар, 1932-1933 жылдары голощекиндік «асыра сілтеу» саясатының салдарынан республиканы аштық нәубеті жайлап, халық аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастағанда туған еліне жәрдемдесуге алғашқылардың бірі болып ұмтылған басшылардың бірі. Ж.Сәдуақасовтың патша өкіметі құлағаннан кейінгі өмір жолын С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» тарихи романынан білеміз. 1937 жылғы барлық қазақ зиялыларын жаппай жоюға бағытталған Сталиндік саяси репрессияның қанды құрығы Ж.Сәдуақасовты да қармап, 1937 жылы 17-қыркүйекте қамауға алынып, 1938 жылы 25-ақпанда ату жазасына кесіледі. 1997 жылдан бастап 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып ресми бекітілген болатын. Сол сәттен бері 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың зиялы қауымының көпшілігі репрессия құрбандарына айналды. Оларды еске алып, ұрпаққа ұлықтау баршамыздың мақсат, міндетіміз. Осы орайда, 120 жылдығы қарсаңында Жанайдар Сәдуақасов жайлы тың деректермен оқушыларды таныстырған аталмыш шарада көптеген естеліктер айтылды.
Б.ЖАМАЛХАНҚЫЗЫ.