Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні




Оқырман, бүгін өз отбасыңыздың тарихын есіңізге түсіріңіз. Онда әділетсіздік пен қуғындаудан жапа шеккендер бар болуы сөзсіз. Өйткені 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Он алты жыл бойы қазақ жұрты осы күнді ерекше құрметпен атап өтіп келеді. Елімізде қуғын-сүргін құрбандарына арналған күн белгіленіп қана қоймай, түрлі жобалар жүргізілуде. Мәселен, тәуелсіздік жылдары 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды. Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне тү­сіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, түр­мелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.
Айгерім Сматуллаева
31 мамыр 2018 ж. 1 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (8844)

24 қараша 2020 ж.

№90 (8843)

21 қараша 2020 ж.

№89 (8842)

17 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам