Есірткісіз өмір ғажайып
Қызылорда ОПД ЕҚКІҚБ
БАЙҚАУҒА
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.
Менің ойымша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып нашақорлықпен күресті лауазымды тұлғалар өздерінен бастау керек сияқты. Бөлінген қолда бар қаражатты дұрыс мақсатына сай жоғарғы тұрғыдан игере алмау, түбінде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай көп қаражатты Бағдарламалардың орындалуын қадағалауды қосымша халықтық бақылаумен қамтамасыз ету керек деп ойлаймын.
Көптеген ата-аналар осындай жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырып келе жатқан жас ұрпағына көңіл бөлмей, оларды аздырып — тоздырып отыр. Қоғам сондай жандарды уақытында анықтап,оның ұрпағының азбауына жол бермей бір шаралар қолдану керек, бірақ осындай міндетті біздің қоғам әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр деп ойлаймын. Бірақ әрине бар кінәні қоғамға да жаба салуға болмайды, себебі әр азамат пен азаматшаның дені сау болуы ең бірінші өздерінеде байланысты болады.
Бірақта менің ойымша осындай ізгілендірудің салдарынан нашақорлар көбейіп кетпей ме, деген ой туындайды. Олар қылмыстық жаза қолданылмайтынын біле тұра одан сайын құлшына нашақорлықпен айналысуы мүмкін. Сосын әкімшілік материалдар, қылмыстық материалдарға қарағанда сапасыз жиналып, қылмыскер әкімшілік жазадан да құтылып кетуі мүмкін. Бұны әрине келешектегі статистикалық мәліметтерден білуге болады.
Достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік.!
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің
8 “б” сынып оқушысы Шілманов Әділжан
# есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс