Иіркөлдіктердің игі ісі
Елімізде уран өндіретін санаулы аймақтар қатарында Сыр өңірі де бар. Облыс аумағында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ҰК-ға қарасты бірнеше кәсіпорын ел қазынасына қомақты қаржы түсіріп келеді. Соның бірі – Шиелі ауданында орналасқан «Иіркөл» кеніші.
Аталған кеніш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарамағына кіретін «Семізбай – U» компаниясының филиалы саналады. Кеніш 2008 жылы іске қосылып, екі жылдан кейін өзінің жобалық қуаты 700 тонна өнім өндіруге қол жеткізді. Қазіргі кеніште 200-ге жуық адам еңбек етеді.
Аталған кеніш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарамағына кіретін «Семізбай – U» компаниясының филиалы саналады. Кеніш 2008 жылы іске қосылып, екі жылдан кейін өзінің жобалық қуаты 700 тонна өнім өндіруге қол жеткізді. Қазіргі кеніште 200-ге жуық адам еңбек етеді.
«Семізбай – U» ЖШС бас директоры Алмас Майлыбаев және «Семізбай – U» ЖШС қарасты Иіркөл филиалының директоры Мұқанбетжан Салқынбаев ауданның әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Сауапты іске самалдай есілген, тұлпардай көсілген басшылардың ауданға жақсылығы жетерлік.
Серіктестік ауданда өтетін көптеген іс шараларға көмек қолын созып келе жатқанын да атап өту керек. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, «Мектепке жол», «Біз біргеміз!» акцияларынан тыс қалған емес. Жыл сайын компания жұмысшыларының 13 жасқа дейінгі балаларын жазғы демалыс лагерьлеріне жіберіп тұруды да дәстүрге айналдырған.
Сонымен қатар індет өршіп тұрған уақытта медициналық мекемелерге әлеуметтік көмек көрсету аясында індетке қарсы тұрып, коронавируспен күресті күшейту мақсатында, «Семізбай – U» ЖШС Шиелі ауданаралық ауруханасына 2000 дана медициналық бетперде, 100 дана қорғағыш комбинизон, 2 дана оттегі концентраторы, обаға қарсы 10 дана қорғағыш костюмін алып берген болатын. Қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деп бекер айтпаса керек.
Сөзімізге тағы бір дәлел, Ы.Жақаев саябағында өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз – 2022» мерекесінде «Семізбай – U» ЖШС қарасты «Иіркөл» филиалының басқарма басшылығы қазақтың қара шаңырағы саналған ақ шаңқан киіз үй тігіп, аудан тұрғындарына мерекелік дастарқан жайып, ас берді. Ұлан-асыр мерекеде салт-дəстүрге деген құрметтерін көрсеткен Иіркөл басшылығына тұрғындар дән ризашылықтарын білдірді.
– Жақсылық жасаймын деген ниетіңіз болса, қай кезде болсын өзгеге қуаныш сыйлай аласыз. Амалыңызға сәйкес жақсы адамдармен жолығып, ісіңізге береке кіреді. Сондықтан басқа жанға шаттық сыйлап, айналаңызды қуанышқа бөлеу әрбір адамның қолынан келеді, – дейді «Семізбай – U» ЖШС бас директоры Алмас Абдиллаұлы.
«Өз елі ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деп ақиық ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, біздің мақсатымыз – осындай игі істерді, жақсылықты жария ету.
А.Сақтағанов