Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ МЕКЕНІМ

ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ МЕКЕНІМ

25 қазан – Республика күніне орай Ақмая ауылдық клубында «Қазақстан – ортақ мекенім» атты салтанатты кеш өтті. Ақмая – түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері мекен ететін көпұлтты ауылдың бірі. Оны клубтың кіре беріс дәлізінде «Қазақстан – достық мекені» атты ұйымдастырылған кітап көрмесінен де аңғаруға болады.
Патриоттық сезімге толы шараны Ақмая ауылдық округінің әкімі Бағлан Сағындықов ашып беріп, ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осындай айтулы мерекеде өткізіліп отырған бұл кештің біздер үшін, әсіресе ауыл жастары үшін маңызы ерекше. Олай болса, еліміздің қарқынды дамуы жолында істеп жатқан еселі еңбегіміз еленіп, тұғыры биік ел болайық, – деді ауыл әкімі.
Бұл шара бұрынғыдан өзгерек. Себебі оған Сырдан ұшқан қарлығаш Қатира Жаленова мен жазушы Серік Байхонов та қатысып, ауыл жастарымен кездесіп, әңгімелесті.
Мерекелік шара соңы әсем әнмен, мың бұралған бимен жалғасын тапты. Қадірменді қонақтармен көрермендерге сыйлықтар ­табысталды. Сондай-ақ Серік Байхонов ауылдық кітапхана меңгерушісі Майгүл Асанбекқызына өз кітаптарын сыйға тартты.

Байдәулет ҚАРАБАЛА
26 қазан 2022 ж. 419 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 62

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930