Құтқарушылар құрмет төрінде
19 қазан Құтқарушылар күніне орай аудандық «Арман» мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил және сала қызметкерлері қатысты.
Мерекелік кеш өз өміріне төнген қауіпке қарамастан қызметтік міндеттерін орындап, төтенше жағдай кезінде қаза болған полковник Қазбек Сұлтанбекұлы, ішкі қызмет сержанты Арман Қуанышбайұлы, Арғын Қазбекұлы секілді елінің батыр ұлдарын еске алу үшін, 1 минуттық үнсіздікпен басталды.
Мерекелік кеш өз өміріне төнген қауіпке қарамастан қызметтік міндеттерін орындап, төтенше жағдай кезінде қаза болған полковник Қазбек Сұлтанбекұлы, ішкі қызмет сержанты Арман Қуанышбайұлы, Арғын Қазбекұлы секілді елінің батыр ұлдарын еске алу үшін, 1 минуттық үнсіздікпен басталды.
Сонан соң салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, сөз аудан әкімінің орынбасарына берілді.
– Төтеннен келген түрлі қауіп пен тосыннан болған табиғи апат кезінде бірінші болып көмекке ұмтылып, тілсіз жауға қарсы тұратын бейбіт күннің батырларын төл меркелерімен құттықтаймын. Құтқарушы мамандығы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп қатерден сақтап қалу көзсіз батырлық. Бейбіт күнде қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы зор. Бүгінгі мереке күні абыройларыңыз асқақтай берсін, – деді Е.Амантайұлы.
Иә, 1995 жылы Н.Назарбаев 19 қазанда «Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды. Осының негізінде 19 қазан – Құтқарушылар күні болып белгіленді.
Мұнан соң мерекелік шара қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттауға ұласты. Сала үздіктері Нұржан Арысбаев, Берік Есенов II дәрежелі, Нұрлыбек Сәбдібеков, Дастан Шәзінда, Жалғасбек Жолдасбеков, Сәтбек Оразбеков, Жеңіс Құлжанов, Нұржан Жақыпов, Қайролла Нұрымбетов және Мұрат Мырзабековтерге III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі табысталды. Сонымен қатар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаты және аудан әкімінің алғыс хатымен бірқатар құтқарушы мамандар марапатталды. Аталған шарада еңбек демалысына шыққан саланың ардагерлері де марапат төрінен көрінсе, өртке қарсы қызмет саласында аянбай еңбек еткен, бүгінгі таңда бейнеттің зейнетіне шыққан Сапарғали Мырзахметовтың иығына шапан жапты.
Кеш соңында сала ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Шәкенұлы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Айдарбекұлы ыстық лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, шарада «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Шараның соңы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Әзімханұлының ақ батасымен түйінделді.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ