Ең үздік көркейтуші
Ауданда абыройлы, елге сыйлы, өнегелі өмірімен үлгі болған алдыңғы буын-ағалар аз емес. Соның бірі – ауыл шаруашылық саласының ардагері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Пердәлі Архабаев. Жуырда сексен жастың сеңгірін бағындырған ақсақалмен еркін сұхбат ұйымдастырудың орайы түсті.
– Пердәлі аға, мерейлі мерекеңіз құтты болсын! Өнегелі өміріңіздің бастау бұлағына тоқталсақ...
– Мен қарапайым жұмысшы шаңырағында дүние есігін ашқанмын. Әкем ішкі істер бөлімінің қызметкері болды. Анам жеті балаға өмір сыйлаған алтын алқалы ана. Мен отбасымның ең кенжесімін. Мектеп табалдырығын 1950 жылы аттадым. 1960-1962 жылдары Шымкент қаласындағы техникалық училищеде токарь мамандығы бойынша білім алдым. Біз соғыстан кейін дүниеге келген буынбыз. Мектепке қолдан тігілген көйлек, дорба асынып бардық. 1963-1966 жылдары Совет армиясы қатарында болып, аға сержант атағымен елге оралдым. 1969 жылы Балташ Жолдасовамен шаңырақ көтердім. Балташ екеуміз 53 жылда бес қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірдік.

– Еңбек жолыңыз қалай басталды?
– Мен отбасымның жағдайына байланысты еңбекке ерте араластым. Алғаш Шиелі қамыс зауытында жұмысшы болып істегенім есімде. Әскерден оралған соң Қызылту колхозының шеберхана меңгерушісі, «Сельхозхимия» мекемесінің директоры, аудандық ауыл шаруашылығы төрағасының орынбасары, Ы.Жақаев колхозының бастығы, аудан әкімінің бірінші орынбасары, аудандық ауыл шаруашылық мекемесінің төрағасы сынды қызметтерді атқардым.

Содан соң аудандық жер ресурстары комитетінің төрағасы, аудандық орман шаруашылығының директоры сынды қызмет сатыларынан өттім. Мен өзім басқарған 9-10 үлкенді-кішілі мекемелердің өркендеп дамуына шама-шарқым келгенше өз үлесімді қостым. Әр жұмыстың қызығы мен қиындығы қатар жүретіні белгілі, әрбір қызмет еткен орыным мен үшін өте ыстық әрі қымбат.
2008-2011 жылдар аралығында сол облыс әкімі Мұхтар Құлмұхаммед мырзаның шақыруымен Қызылорда қаласындағы тұңғыш президент Н.Назарбаев атындағы саябақты ұйымдастыруға жұмыс жасадық. 2011 жылы саябақты көркейткенім үшін облыс әкімінің қолынан «Ең үздік көркейтуші» деген номинация алдым. Бұл мен үшін үлкен жетістіктің бірі болды. Содан 2012-2016 жылдан бастап аудан басшысы Н.Нәлібаевтың ұсынысымен Еңбек Ері Ы.Жақаев атындағы саябақты ұйымдастыру директоры қызметіне шақырылдым. Қазір аталған саябақ жаңарып тұр. Бүгінде Ы.Жақаев саябағында 10 гектар жерде 10 мың түп ағаш бар.
– Туған жерді одан әрі көркейту үшін қандай шараларды қолға алған дұрыс?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды», – деп ерекше атап көрсетті.

Істің басы – ниет. Ниет болса, тақыр жерді де гүлдендіруге болады. Оған Н.Назарбаев паркі мен аудандағы Ы.Жақаев саябағы айналасында менің бастамаммен егілген жасыл белдеу айғақ. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауданның ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. Ағаштарды егіп қана қоймай, оларды стандартты жағдайға жеткенге дейін кемінде үш жыл бойы толықтыру, күтім, қорғау жұмыстарын орындап отыруымыз қажет. Менің айтарым, «Көшеттің жерін дайындау керек. Оны өңдеп, екінші судың жолын әзірлек қажет. Көшет егудің де өз мерзімі болады. Денесіндегі суық тоқтаған кезде ағашты қазып отырғызса сонда көшет көгеріп шығады. Бүгінде жұмыс істеймін деген басшыларға өзімнің ақыл-кеңесімді беріп келемін. Енді осының барлығын жаңа кадрлар қолға алса, нұр үстіне нұр болар еді.
– Сіз үшін марапаттың маңызы бар ма?
– Марапат еңбегімнің еленгені деп білемін. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың және облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолынан «Құрмет грамотасын» алдым. Біздер үшін осындай ықыластың өзі үлкен жеңіс.

– Өмірдегі басты ұстанымыңыз қандай?
– Адамдарға мейілінше өтірік айтпау. Екінші тәртіп. Үшінші жүрекпен қолдың тазалығы. Төртінші «Еңбек және еңбек». Біздің бір-бірімізге деген сенімнің артында мейірім, адамгершілік секілді қасиеттеріміз тұрады. Кейде соны ұмыт қалдырып жатамыз. Осы ретте ізімізді басқан буынға бір-бірлеріңізге деген сенімге селкеу түспесін дегім келеді.

– Қазіргі жастардың бойындағы Отансүйгіштік сезімді қалай оятуға болады?
– Адам баласының Отанына деген сүйіспеншілігі ұшқан ұядан. Ол ең бірінші ата-анасы мен бауырларын қадірлей білсе, Отан ұлы ұғым екенін түсінеді. Ата-бабамыздың осы ұлылықты қорғау жолында талай қан төгіп, арпалысумен өткенін, ерліктің арқасында жеткен кең байтақ жер қашанда біз үшін қымбат қазына екенін ұмытпауымыз қажет. Қазақ «Керуен басы білікті болса, көлік азбайды, қолбасшы білікті болса, сарбаз тозбайды» дейді. Осы сөзде үлкен мән жатыр.

– Сөз соңында не айтқыңыз келеді?
– «Отан – отбасынан басталады» деген сөз жиі айтылады. Отбасындағы тәрбие мәселесіне келгенде құрғақ сөзден гөрі, нақты іспен айналысатын сәт келген секілді. Осыған сәйкес биыл біз жоспарлы іс-шараларды қолға алып отырмыз. Нәтижесі алдағы уақыттың еншісінде. Сөз соңында айтарым, сүйекке сіңіп бара жатқан жағымпаздықтан арылсақ екен деймін. Сол кезде ғана түтініміз түзу шығар еді.

– Сырлы сұқбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен Ш.Тілеубаев