Еңбек түбі - береке
(Архив қорындағы құжаттардан)
Архив – ел тарихындағы құнды құжаттар мен дәйекті деректер сақталатын мәдени ошақ. Елбасының мақаласындағы «Архив 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау арқылы отанымыздың тарихын зерделеп, архив қорын толықтыру, рухани құндылықтар, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу. Тәуелсіз елдің әрбір аймағында, әрбір өңірінде өзінің сара жолымен елге, халыққа сіңірген еңбегімен өскелең ұрпаққа үлгі болатын тау тұлғалы азаматтарымыз жетерлік. Осындай азаматтардың еңбегін насихаттап, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында құжаттары «Еңбек ардагерлері» коллеқциясы архив қорына алынды.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші, ұстаз ұлы мамандық иесі.
Солардың бірі де бірегейі Қалдыбай Сүгірбаев 1939 жылы 14 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1947-1957 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты «Коммунизм» орта мектебінде оқып, бітірген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, сол жылы жолдама бойынша Арал ауданы «Қаратерең» орта мектебінде 2 ай мұғалім болып жұмыс атқарды. 1962-1964 жылдары Литваның Каунас қаласында әскери борышын өтеп қайтты. 1964-1966 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм қыстағында №401 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сабақ берді. 1966-1995 жылдары Шиелі аудандық партия комитетінің «Білім» қоғамында жауапты хатшы, аудандық партия комитетінде хатшының көмекшісі, жалпы бөлім, насихат және үгіт, ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты болып сайланды. 1965 жылдан СОКП мүшесі, 1969-1971 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1995-1999 жылдары Шиелі аудандық мұрағат бөлімінің директоры, 2011-2015 жылдары «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды. Жанұяда 2 ұл, 3 қыз және немерелер тәрбиелеп, олардың жоғарғы білімді маман болуына ықпал жасады. Елге еңбегі сіңген, ұрпаққа ұлағатты ұстаз бола білген.
Жанат Кенебекова,
«Шиелі аудандық архивінің»
архивисі.