Ардагер ұстазға құрмет
Тәуелсіз елдің әрбір аймағында, әрбір өңірінде өзінің сара жолымен елге, халыққа сіңірген еңбегімен өскелең ұрпаққа үлгі болатын тау тұлғалы азаматтар жетерлік. Өзінің біліктілігімен, кәсібилігімен дараланған ұлағатты ардагер ұстаз Рақым Мауяевпен №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде аудан жастары кездесу өткізді.
Елінің болашағы мен халқының кемел келешегі үшін талмай қызмет етіп, саналы ғұмырын осы жолға арнаған бірегей тұлғалардың жүрген жолында елеулі із қалары анық. Осындай жанның бірі ауданның «Құрметті азаматы», дербес зейнеткер, Рахым Мауяев саналы ғұмырын бала тәрбиесіне, білім саласына арнаған еді. Шараның басты мақсаты жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, өнегелі жолын түсіндіру болатын. Тоғыз мектептен 180 бала қатысып, Рақым Мауяұлын жақыннан танып, сұрақтар қойып, кездесудің көркін аша түсті. Нартай мектебінен Нұртілек Ақтаев пен күйші Әділбек Тәшімов жиналған қауымға өнерлерін көрсетіп, шығармаларымен танысты. Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагердің өмір жолымен танысып, жаңғыру, жаһандану жолында сүбелі үлес қосып жүрген, ел ағасының әңгімесін тыңдады.
Ж.НОҒАЙБАЙҚЫЗЫ.