Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің ертеңі – «Жас ұлан»

Елдің ертеңі – «Жас ұлан»

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде көптеген шаралар атқарылуда. Себебі өркениет жетістіктері дамыған сайын технология қарыштап, бәсекелестік артқан тұста еліміздің озық мемлекеттер қатарына қосылуына сүбелі үлес қосатын да жастар екені сөзсіз. Сондықтан да олардың тәлім-тәрбиесіне мұқият көңіл бөлініп, жас ұрпақтың алдында тұрған міндет-мақсаттар жалпыұлттық идея төңірегінде көрініс табуы да заңды.
Көпшілігімізге мәлім, 2011 жылы балалар мен жасөспірімдерге тәлім-тәрбие беруге баса көңіл бөлу мақсатында елдегі барлық мектептердің жанынан «Жас ұлан» ұйымы құрылды. Содан бері 10 жылдан аса уақыт ішінде ұлттық құндылықтарға сай, рухани-адамгершілік қасиеттері мол, білімі мен білігі мықты тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм бағытында тәрбиелеу бағытында үздіксіз жұмыстар жасалуда.
Бұл бағытта Шиелі ауданы №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейіндегі «Жас ұлан» ұйымының мүшелері де белсенділік танытып келеді. Бүгінде мектеп оқушаларының бастамасымен «Жас Ұланның жұлдызды жылы» жылдық акциясы аясында түрлі шаралар іске асуда. Атап айтсақ «Оқуға құштар ұлан», «Көңілді үзіліс», «Жас Ұлан-Шын Дос», «Даналық дәні», «Жақсылық жасап жарыс», «Эко boom», «Ақылды бейсенбі», «Бабалар үні», «Әкем үйрет кен», «Азаматтық алаң», «Мың бала», «Жомарттық мекені» жобалары арқылы оқушыларды отан сүйгіштікке, елжандылыққа, биік мәдениетке тәрбиелеу бағытында жұмыстар атқарылуда. Мектептегі Жас ұландықтардың игілікті істері теңіздегі тамшыдай болуы мүмкін. Бірақ болашағы бүгіннен басталған, ұлылығы бойына дарыған жас ұланның атқарар қызметі әлі алда.
Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының шараларына қатысу арқылы оқушылар қоғамда өз орнын табуға, адамдармен қарым-қатынас орнатуға және олармен келісімге келуге дағдыланады. Сондай-ақ топта жұмыс істеуге және топтан өзін көрсете білуге үйренеді.
Қысқасы «Жас Ұлан» ұйымы – оқушыларды елін сүюге және өз елінің нағыз азаматы болуға дайындайтын үлкен қозғалыс. Заманауи Қазақстанның ұлтжанды, рухы биік, білімді, жаңашыл жасұландықтары болашақта ел сенімін ақтайтыны сөзсіз.

Айгүл ТУҒАНБАЕВА
04 қазан 2022 ж. 702 0