Цифрландыру – серпін беруде
Жаһандық дамыған мемлекеттердің іс-тәжірибелерін негізге алған еліміз білім беру саласын цифрландыруға көңіл бөліп отыр. Себебі, ақпараттық технологиялар саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады. Заманның талабына сай жаңа технологияларды меңгерген жастар бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасары анық.
Мектептерде білім саласын цифрландыру мен сандық білім ресурстарын пайдалану белсенділігі артып келеді. Сондай-ақ, үдерісті автоматтандыру жұмыстары іске асырылуда. Кең жолақты интернет желісіне қосылған білім мекемелері сынып журналы мен күнделікті электронды түрде жүргізіліп, оң нәтижесін көрсетуде. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың жол картасында барлық мектептердің 30 пайызын роботты техника кабинеттерімен жабдықтау міндеттелген еді. Осы бағытта №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейде робототехника кабинеті ашылып, оқушылардың одан әрі білімге деген құштарлығын арттырып, білім көкжиегі кеңеюде. Сондай-ақ, мектепте физика, химия, биология кабинеттері 3Д форматтағы кабинетпен толықтырылуда. Жаңа үлгідегі зертханалық кабинеттер мектеп төрінен орын алып, цифрландыру саласына бет бұру жалғасын табуда. Заманауи үлгідегі мектептердің қатарынан орын алып, аудан арасында өне бойы озық шығып, сандық технологияны жаңғыртуда. Мектеп ұжымы өскелең ұрпақты озық, саналы дара тұлға деңгейінде қалыптастырып, білімін өмірде қолдана білуге баулып келеді.
Білім мен ғылым, инновация дамыған жерде ілкімді істердің алға қадам басатыны белгілі. Сол үшін де бағдарламалық құжатта айтылған ІТ-технология саласын меңгеруге бүгінгі заман жастары барын салып келеді. Себебі, бұл – заман талабы. Осылайша, қазақ жастары интернетті игілігіне икемдеп, инновацияның мол мүмкіндігін пайдалынып, Қазақ елінің қарыштап дамуына өзіндік үлесін қосуда. Сонда ғана, қуатты Қазақстанның сандық технологиясы отандық ғылымның өрісін кеңейтуде тынысын ашады.
Әлия Яхияева.