Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда елімізде алғашқы педагогикалық STEM-парк ашылды

Алматыда елімізде алғашқы педагогикалық STEM-парк ашылды

STEM білім беру ғылым, технология, инженерия және математика ілімін біріктіреді. Парктің ашылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйытқы болып отыр. Болашақ ұстаздардың сапалы білім алуы үшін STEM-паркте робототехника зертханасы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, мехатроника мен өлшегіш жүйелер зертханасы да бар. Ал, цифрлық ресурстар орталығы студенттердің білімге қолжетімділігін арттыруға септігін тигізбек. Сондай-ақ педагогикалық STEM-парк мамандары мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламаларын дайындауға көмектесетін болады. Бекболат Медетов,  педагогикалық STEM-парк директоры: - Біз тек қана студенттермен шектелмейміз. Сонымен қатар, қазіргі мектептерде қызмет атқарып жатқан информатика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді қайта дайындау осы робототехника бағыты бойынша. Сондай-ақ курстарды ұйымдастыратын боламыз. Сонымен қатар өзімізде әртүрлі жаңа білім беру технологияларын әзірлейтін боламыз. Вадим Гриншкун, профессор /Ресей/: - Цифрлық технологиялар дамыған сайын мұғалімге қойылатын талап та күшейіп отыр. Оқушыға заман талабына сай білім беру үшін ұстаз да жаңа технологияларды жақсы меңгеруі тиіс.

www.24.kz
04 қазан 2018 ж. 1 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031