Кәсіпорындарда цифрландыру жүйелері енгізілуде
Елбасының Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында көзделген жаңа тапсырмаларды орындау мақсатында цифрлық технологияларды қолданатын бірнеше жобалар жүзеге асырылуда.
Уран шикізатын өндіруші кәсіпорындарда цифрландыру жүйелері енгізілуде. Атап айтқанда, №6 кен басқармасы технологиялық процестерді (геотехнологиялық полигондарда диспечерлік және автоматтық жүйелер) қамтитын «Ақылды кеніш» бағдарламасы жүзеге асуда, «Семізбай-U» ЖШС-інде цифрлық өлшегіш құрал-жабдықтарды пайдалануды жүзеге асыруда. (Электронды құжат айналымы, Биометриялық терминалдар, КАП Сафети мобильдік қондырғысы, Пневматикалық электронды клапондар)
«Ақылды қала» жобасы аясында ауданда «Көшені ақылды жарықтандыру» жүйесін енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар облыстық бюджеттен 19 млн. 200 мың теңге қаржы бөлініп, «Ақмая» шаруа қожалығының егістік алқаптарын (күріш, жоңышқа т.б. дақылдар) цифрландыру жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік электрондық картасын қалыптастыру жұмыстары 100,1%-ға жетіп, 29 633 гектар жердің электронды сызбасы қалыптастырылды. «Агробиржа» электрондық сауда сайты іске қосылды. Электронды сауда сайтына 37 шаруа қожалықтар тіркелген.
Білім мекемелерін цифрландыру мақсатында үстіміздегі жылы 56 интерактивті тақта, 10 робототехника, 1 зертхана, 2 дана 3Д-модельдеу, 60 дана компьютер, 20 биология, химия, физика кабинеттері, 200 дана планшет, 174 дана роутер алуға барлығы 220 млн. 754 мың теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарының жұмысын автоматтандыру мақсатында электронды база орнатуға 12 млн. 500,0 мың теңге қаралып, жаңа оқу жылынан бастап іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы