Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрландыру – заман талабы

Цифрландыру – заман талабы


2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарияланды.
Жолдауды қолдау мақсатында бүгінде елімізде Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. «Төртінші өндірістік революция» кітабының авторы Клаус Шваб өз сөзінде: «Әлемді адам емес ағымдағы болып жатқан өзгерістер адамды өзгертеді» – дейді. Күн санап өмірімізге SMART технологиялардың дамуы саны артып күнделікті тіршілігімізге жаңалық енгізуде. Осы мәселелерді қолдау аясында аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ауданда 41 білім беру ұйымдарында «Базалық цифрлық дағдыны қалыптастыру» және «Ашық үкімет» порталы бойынша ағымдағы жылдың 4-15 маусым аралығында оқыту курстары жүргізілді.
Қорытынды нәтижесінде, базалық цифрлық дағдыны қалыптастыру бойынша – 900 адам, ашық үкімет порталы бойынша – 1960 аудан тұрғындары оқып, тест сауалнамалары жүргізілді. Оқыту курсы аудан тұрғындарынның цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, күнделікті өмірде кез келген уақытта керекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйде отырып интернет жүйесі арқылы алуына көп үлесін тигізеді. Бәсекеге қабілетті елдердің құрамына еніп, еңселі елдің біріне айналуымыз үшін цифрландырудың маңыздылығы жоғары болып табылады. Алдағы уақытта қоғамда цифрлық жүйеге сауаттылықты арттырып отырудың бүгінгі заман талабы екендігі айқын.
Л.Нақыпова,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.
11 шілде 2018 ж. 2 119 0