Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «цифрлық кеніш» кеншілер жұмысын жеңілдетеді

«цифрлық кеніш» кеншілер жұмысын жеңілдетеді

– Бірінші және негізгі жоба – технологиялық процесті басқаратын автоматтандырылған жүйенің жаңғыртылуы. Бұл жоба «цифрлық кеніш» бағдарламасының платформасы ретінде енгізіледі. Жоба іске асырылу үшін бірнеше іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, арнайы мамандандырылған мекеме біздің өндірісіміздегі барлық технологиялық процесстерді толық тексеріп, автоматтандыруды қажет ететін бағыттарды анықтады. Сол тексерудің нәтижесі бойынша үлкен жоба жасалды. Жобаның ішінде өнімді ерітіндіні өндіретін полигонды (УГП) автоматтандыру және өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесін автоматтандыру жұмыстары қарастырылған, – дейді кеніш директоры. Білгеніміздей, бүгінгі күнде кеніштің барлық процесстері бар болғаны 20 пайыз ғана автоматтандырылған көрінеді. Сондықтан, қызметкерлердің көптеген жұмыстары қолмен атқарылады екен. Ал, жасалған жобаға сәйкес барлық технологиялық процестерді автоматтандырған кезде, қызметкерлердің 90 пайыз жұмысы осы жобаға сәйкес оңтайландырылады, яғни, жеңілдейді деген сөз. Бұл дегеніміз, сапалы жұмыс және мол өнім. Осыған сәйкес, мәліметтер де автоматты түрде жинастырылып, орталықтандырылған жүйеге жіберіледі. Әрі қарай сөзін жалғаған Ж.Садырбаев: « «Жол картасына» сәйкес 2017 жылы «УГП-2» атты өнімді ерітіндіні өндіретін полигонды автоматтандыру жұмыстары басталып, биылғы 2018 жылдың ақпан айында бітіру жоспарланып отыр. Өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесін және «УГП-1» атты өнімді ерітіндіні өндіретін полигон биыл «Казатомөнеркәсіп» АҚ-ның мақұлдауын алған соң басталады. Осы жобаны іске асыру біз үшін негізгі және маңызды жоба болып табылады. Өйткені, ол барлық процестің бастамасында жүрген қызметкерлерге жұмыстарын жеңілдетуге және нақты нәтижеге жетуге көп ықпалын тигізеді» – дейді.
Ал, «цифрлық кеніш» жобасы бойынша ұққанымыз, өндірістегі болып жатқан барлық технологиялық процестерді толық автоматты түрде бақылап, ұсынымдарды беру және басқарып отыру екен. Яғни, барлық мәліметтерді автоматты түрде ортақ жүйеге алу. Демек, бұл технологиялық процесті басқаратын автоматтандырылған жүйенің жаңғыртылуы жобасымен тығыз байланысты. Кеніш басшысы Ж.Садырбаевтың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда аталған жоба «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бір бөлігінде тәжірибеде пайдаланылып жатқан көрінеді. Осы тұрғыда 6-кен басқармасының мамандары аталған бағдарламамен танысып, бірнеше ұсыныстар енгізуде.
Келесі үлкен жоба ERP (Enterprise resource planning) цифрлық жүйесі. Бұл да компанияның жоспары бойынша жүргізілуде. Бұл жобаның мақсаты бизнес-процестерді автоматтандыру және бүкіл материалды есептеу болып табылады екен. «Жол картасы» бағдарламасымен 2017 жылы мекеменің 14 маманы Астанадағы компанияның бас ғимаратында кеніштің бизнес процестерін аталған жүйеге енгізіп келген көрінеді.
Интеграцияланған жоспарлау жүйесі жайы жөнін ашып айтқан кеніш директоры жобаның мақсатына да тоқталды. Барлық технологиялық процесстерді жоспарлау жұмыстарын алуан түрлі цифрлық модельдерін жасап, қандай да бір көрсеткішті өзгерткен кезде бірден толық жоспарды есептеп беретін осы жоба болмақ. Өткен 2017 жылы кеніш мамандарының қатысуымен жаңа программа әзірленіп, барлық технологиялық процестердің жобалары компьютерде сандық модельде жасалған. Ал, биылғы жылы сол бағдарлама тәжірибеде пайдалануға беріліпті. Жергілікті мамандар бірнеше ұсыныстар енгізбекші екен.
Осы ақпарды жеткізген Ж.Айтқазыұлы «барлық жобаларды іске асыру үшін көптеген қаражат керек. Жоғарыдағы айтылған жобалар бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бұл жобаларды енгізу – заманның талабы. Барша дамыған ел озық технологияларды игеруде. Біздің де мемлекетіміз сол қатардан қалмауы тиіс. Сол себепті, барлық жобаларды іске асыру қажет. Биыл «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өзге де жаңа жобаларды енгізуді жос­парлап отыр. 2019 жылы барлық жобалар «Жол картасы» бойынша іске қосылу керек. Осы жобаларды іске асыру, өндіріске енгізу бізге бұйырған үлкен және маңызды іс шаралар болып табылады, – деп өз сөзін қорытындылады.
Сөз соңында айтарымыз, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ел дамуының жаңа көкжиегі. Яғни, ел экономикасын алға жылжытуға мүмкіндік беріп, әрі жаңа индустрия өркендей түспек. Осынау мерейлі міндетті жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жетілдіру, индустрия­­ландыруды жеделдету, инновациялық өзгерістерді өмірге шапшаң енгізу қажет. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуеті бұл міндеттің үдесінен шығуға мол мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Дина ЖҮСІПОВА.
17 ақпан 2018 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031