Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық цифрлық жүйе: Қауіпсіз қоғам мен білімді ұрпақ кепілі

Ұлттық цифрлық жүйе: Қауіпсіз қоғам мен білімді ұрпақ кепілі

Цифрлық контент – ұлттық мүдденің тірегі. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект өмірдің барлық саласын қамтып, әлемдік дамудың жаңа бағытын қалыптастырып отыр. Көптеген мемлекет экономикалық өсімнің тың көзін – креативті индустрияны басты басымдық ретінде қарастыра бастады. Мұндай жағдайда Қазақстан үшін ұлттық цифрлық контентті қалыптастыру мен дамыту – тек ақпараттық қауіпсіздік пен технологиялық дербестіктің кепілі ғана емес. Бұл еліміздің ғаламдық цифрлық алпауыттарға тәуелділігін азайтып, өз ақпараттық кеңістігімізді бекемдеуге бағытталған стратегиялық бастама.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек» деген сөзі осы бағыттағы басты ұстанымның айқын көрінісі.
Ұлттық цифрландыру ісіне серпін берген жобалар. Ғаламдық технологиялық прогрестен қалыс қалмау – еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Осы бағытта ұлттық телекоммуникация операторы «Қазақтелеком» қолға алған жобалар ерекше назарға ие.
Компания тек отандық цифрлық платформаларды дамытып қана қоймай, білім беру жүйесін цифрландыруға да айтарлықтай үлес қосып келеді. Соның жарқын мысалы, TV+ платформасы арқылы республика оқушыларына қолжетімді болып отырған mektep-online.kz жобасы.
Қазақстандағы 8 мыңға жуық мектеп пен 4 миллиондай оқушы үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыру – уақыт талабы. TV+ платформасында «Back to school» акциясымен ұсынылған бейнесабақтар кез келген өңірдегі оқушыларға тең мүмкіндік беруде. Жоба жетекшісі Сандуғаш Рахимжанова атап өткендей, бұл бастама білім алуға мүмкіндігі шектеулі балаларға да толыққанды қолдау көрсетеді.
Платформада математика, физика, химия, биология, геометрия пәндері бойынша 5536 бейнесабақ, әдістемелік нұсқаулықтар мен тест тапсырмалары бар. Мұғалім үшін – уақыт үнемдеудің, ата-ана үшін – баласының білімін бақылаудың қосымша тетігі. Ең бастысы – бұл үшін қосымша бағдарламаларды орнатудың немесе жоғары жылдамдықты интернеттің қажеті жоқ.
Бұл – репетитордан да тиімді шешім. «Біздің міндетіміз – әрбір балаға, қай өңірде тұрса да, ыңғайлы форматта білім алу мүмкіндігін беру. Бұл әсіресе репетитор жалдауға шамасы келмейтін отбасылар үшін үлкен көмек», - дейді «Қазақтелеком» өкілдері.
Ұлттық IT-шешімдерді өркендету және қазақстандық контентті қолдау – мемлекеттік деңгейдегі маңызды міндет. Бұл бағыттағы ірі жобалардың бірі – TV+ платформасы. Ол жүздеген телеарнаны, соның ішінде спорттық, тақырыптық және білім беру арналары мен VoD контентін біріктіріп отыр.
Компания өкілдерінің айтуынша, TV+ жобасы Мемлекет басшысы атап өткен цифрландыру және технологиялық даму стратегиясы аясында жүзеге асуда. Жобаның басты мақсаты – халыққа отандық телеарналарға, мәдени және білім беру бағдарламаларына жоғары сапада қол жеткізуді қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын ашу.
TV+ артықшылықтарының қатарында барлық құрылғыларға бейімделген интерфейс, қазақ және орыс тілдеріндегі көптілді контент, интерактивті мүмкіндіктер мен ата-ана бақылауы бар. Бұл платформа бүгінгі таңда елдің ақпараттық кеңістігіндегі стратегиялық құралға айналды.
Цифрлық егемендік – стратегиялық басымдық. Қазақстан үшін цифрлық егемендік пен ұлттық контентті дамыту – бұл тек технологиялық трендке ілесу емес, ұлттық қауіпсіздік пен адами капиталды нығайтудың негізгі алғышарты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл мәселенің маңыздылығын ерекше атап өтті: «Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс» – деді Президент.
Осы орайда TV+ және mektep-online.kz сынды жобалар Мемлекет басшысы ұсынған цифрлық даму стратегиясының нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Бұл бастамалар – жаңа дәуірдің талаптарына сай қалыптасып келе жатқан Жаңа Қазақстанның цифрлық келбетінің жарқын көрінісі.
15 қыркүйек 2025 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930