ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛАДЫ

- Жасанды интеллект қазір тек өндірісті автоматтандыру немесе қолжетімді қызмет көрсету құралы ғана емес. Ол – ұлттық қауіпсіздік, экономикалық өсім, әлеуметтік тұрақтылық сияқты үлкен мәселелерді шешудің негізгі факторы. Егер біз ғылым мен инновацияға инвестицияны күшейтсек, Қазақстанды жаңа технология жасаушы елге айналдыра аламыз. Қазақстан тек цифрлық шешімдерді тұтынушы ел емес, керісінше технология өндіруші және экспорттаушы мемлекетке айналып келеді. Жасанды интеллекттің ықпалы соншалық, қазір ол тек технологиялық құрал ғана емес, саяси шешім қабылдаудың да құралына айналып отыр. Президент Жолдауында айтылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі – осы жаһандық трендтің бір бөлігі. Яғни, біз тек технологияны қолданушы ғана емес, оны мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруға дайынбыз деген сөз. Біздің бағытымыз - жасанды интеллект пен цифрландыруға негізделген ұлттық даму жолы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында осы бағытты айқындап берді. Енді оны қағазда қалдырмай, нақты іске айналдыру - біздің ортақ міндетіміз, – деді Нұрлан Серікұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі