Тәрбиеші – балабақша тірегі
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Жас ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Біздің өңірде де баланы жастай жақсыға үйретіп, мектепке дайындайтын орталықтар бар. Солардың бірі – кенттегі «Айналайын» бөбекжай-бақшасы.
Мақаланы жазу барысында балабақшаға арнайы барып, жұмысын көзбен көрдік. Есіктен кіргеннен-ақ санитарлық талаптың қатаң сақталғаны, тазалықтың тәртіпке сай екені анық байқалды. Дәліздегі табиғат аясы, робототехника, ұлттық заттармен әрленген бұрыштар шебер ұйымдастырылған. Баланың ой-танымын арттырар ойыншық түрлері де балабақша қорында қамтылған. Балабақша жұмысының басты бағыты денсаулық сақтау технологиялары болып табылады. Бұл технологиялар тиісті талаптар мен нормаларға сәйкесі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз етеді. Білім беру үдерісінде жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы балалардың тұлғалық жетістікке жету алғышарттары қалыптасады және жоғары сапалы білім беру қамтамасыз етіледі. Арт-терапия, робототехника, логопед, психолог, орыс тілі кабинеттері, мектепалды даярлық топ балалары үшін компьютер класстары ашылған, екі монтессори тобы жұмыс жасайды, ақпараттық коммуникативті технология, жобалау, ойын,Тәй-тәй технологиялары, Воскобович, Фребель, Кюизенер , Дьенештің дамытушы материалдары қолданылады.

Жалпы ұжымда 80 қызметкер еңбек етеді. Оның 37-сі педагог қызметкерлер. Бүгінде 12 топта 280 бала тәрбиеленуде. «Бала үшін ең жылы орын – балабақша» деген ұстанымды төріне іліп, көңіліне түйген қызметкерлер баланың жарқын болашағы үшін барын салуда.
– Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі бұл мекен жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Мұнда ең бастысы, балалардың бір-бірімен араласып-құраласып, ой-өрістері мен қарым-қабілетін арттыруға баса ден қойылған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың балабақшадан үйренері көп. Себебі дәл осы жас аралығындағылардың оқуға қабілеті жоғары. Әлемдік тәжірибеге сүйенген балабақша ұжымы мектепалды білім беру сапасын күшейтпек. «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» қағидасымен келешекке қадам басудамыз, – дейді балабақша меңгерушісі Мунира Дүйсебаева.
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасалынған. Мектеп жасына дейінгі балаларды мәдени және гигиеналық дағдыларға, күн тәртібін, ұйымдастырылған оқу қызметін сақтауға, өзін-өзі үйрету дағдыларын қалыптастырып және оларды күнделікті өмірде қолдануға баулуда. Балабақша-бұл әрбір бала өзіне қызықты іс әрекеттер мен әуестенулерді таба алатын орын. Креативті және талантты педагогтардың арқасында балабақшада көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтқанда, «шынықсаң – шымыр боларсың», «литературный калейдоскоп», «көңілді ноталар» хор, «сымбатты болғым келеді» аэробика, «кіші футбол» үйірмелері.
Айта кетейік 2016 жылы балабақша меңгерушісі М.Дүйсебаева Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің мектепке дейінгі мекемелер мамандарының арасында өткен «Мастерство без границ» І халықаралық байқауында «Ең үздік меңгеруші» номинациясы мен әділқазылардың арнайы сыйлығын алды. 2020, 2021, 2022 жылдарда Республикалық «Балаларды ерте дамыту институтының» ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмыс» шеберлік сыныбы байқауында тәрбиеші Алиева Эльмира І орын, облыстық «Үздік апталық циклограмма» фестивалінде тәрбиеші Әліпбаева Ардақ І орын, Талпақова Эльмира «Үздік апталық циклограмма» номинациясын, «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» шебер-сынып байқауының аудандық кезеңінде тәрбиеші Бейсенова Бекзада І орын иеленді. Балабақша қызметкерлерінің жетістігін айтып тауысу мүмкін емес. Осындай білікті, тәжірибелі ұстаздардың алдын көрген бүлдіршіндер мектепте озат, өмірде талапты жандарға айналары анық.
Г.Әбдіхани