БІЛІМ БАСПАЛДАҒЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Мектепке дейінгі кезең – адам өміріндегі ең маңызды уақыт. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сонша-лықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
Бүлдіршіндердің алғашқы білім баспалдағының бірі – «Айналайын» бөбекжай-бақшасы. Мұнда әр оқу жылының басында ата-аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл да балабақшада «Сәлеметсіз бе, сіз балабақшаға келдіңіз!» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Бүлдіршіндердің алғашқы білім баспалдағының бірі – «Айналайын» бөбекжай-бақшасы. Мұнда әр оқу жылының басында ата-аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл да балабақшада «Сәлеметсіз бе, сіз балабақшаға келдіңіз!» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Бұл күні ата-аналарға балалары баратын топтың бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып, күні бойы топта бірге болуға мүмкіндік жасалды. Балалармен бірге таңғы жаттығу жасап, таңғы ас ішіп, ұйымдастырылған іс әрекеттерді, психолог, логопед, музыка жетекшісі, дене тәрбиесінің нұсқаушылары сияқты мамандармен бірлескен іс әрекеттерде бірге болып, балалардың дағдыларын көрді. Одан кейін балабақша меңгерушісі, іскер басшы Мунира Дүйсебаева келушілерді бөбекжай-бақшаның жұмысымен, алға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Ашық есік күнінде алғаш рет келген ата-аналармен балабақшаға экскурсия жасалды.
– Ағымдағы оқу жылында балабақша ұжымы ата-аналармен бірлесіп, түрлі жобаларды іске асыратын боламыз, – дейді балабақша меңгерушісі.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі балаларды үздіксіз дамытумен айналысатын білім ордасына сәттілік тілейміз.
Г.ЯХИЯ