Баланың тілін тапқан тәрбиеші
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Яғни балалардың денсаулығы, білім алуы, қаржылық жағдайы бәрі де назардан тыс қалмайды деген сөз. Оның ішінде бала өсіріп, оны тәрбиелеу мәселесіне тоқталсақ. Олардың білімді, талапты, алғыр азамат болып өсуі алдымен балабақшадан басталады. Сондықтан балабақшадағы әр баланың жай-күйі маңызды. Бүгінгі кейіпкеріміз Күлзипа Сардарбекова бүлдіршіндердің алғашқы білім ошағы «Мұрагер» бөбекжай-балабақшасында 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Ол 1964 жылы Талаптан ауылында Мырзағұл ақасақал мен Дәркүл апаның шаңырағында дүниеге келген. Жастайынан білім бұлағына қанып өскен қыздың арманы тек білім алу болатын. 1971-1981 жылдары №50 мектептен тәлім алып, Қостанай облысындағы «Арқалық» медицина училищесінде білімін жетілдіреді. Одан кейін Қоқыт Ата атындағы мемлекеттік университетте жоғары білім алады. Бүгінде бала жанының бағбанына айналған ол 30 жылдық тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп келеді.
Ол 1964 жылы Талаптан ауылында Мырзағұл ақасақал мен Дәркүл апаның шаңырағында дүниеге келген. Жастайынан білім бұлағына қанып өскен қыздың арманы тек білім алу болатын. 1971-1981 жылдары №50 мектептен тәлім алып, Қостанай облысындағы «Арқалық» медицина училищесінде білімін жетілдіреді. Одан кейін Қоқыт Ата атындағы мемлекеттік университетте жоғары білім алады. Бүгінде бала жанының бағбанына айналған ол 30 жылдық тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп келеді.
Күлзипа Мырзағұлқызы бүгінде «Мұрагер» бөбекжай-балабақшасының 1-2 жас аралығындағы балаларға арналған «Бүлдіршін» тобының тәрбиешісі. Балалардың тілін тауып, оларды ойната отырып, дамытуды басты назарда ұстайды. Оларға түрлі қызықты ойындар ойнатып, бір-біріне бауыр басып, достасып кетуіне көмектеседі.
– Тәрбиешінің әр күні ізденіспен өтеді. Мен оны алғашқы жұмыс күнімнен-ақ аңғарған болатынмын. Айтуға оңай мамандық болғанымен, балалармен жұмыс істеу үшін көп энергия жұмсалады. Дегенмен өз ісіңе, кәсібіңе, мамандығыңа деген махаббат, құрмет болса, кез келген қиындықты еңсеруге болады, – дейді тәрбиеші.
Тәжірибелі маманның ұзақ жылдар бойғы еңбегі елеусіз емес. Облыстық, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталған. Тәрбиеленушілерінің жетістігі де жетерлік. Алайда ол ең маңызды марапат – ата-ананың көңілінен шығу, олардың алғысы екенін алға тартты.
– Немерем Асланның тәрбиешісі Күлзипа апайына алғысым шексіз. Өйткені немерем қазір жан-жақты, тіпті біз білмегенді біледі. Билейді де, ән айтып, суретке қарап әңгіме құрастыра алады. Мұның барлығы тәрбиешісінің арқасы. Күлзипа Мырзағұлқызы ата-анамен де жақсы тіл табысып, түрлі сайыстар өткізеді. Балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ілтипаттылыққа тәрбиелеуде. Өз жұмысының қыр-сырын терең меңгерген тәрбиешісіне ризашылығымды білдіремін, – дейді әжесі Г.Ахметова.
Бір жерде көптеген жылдар бойы табан аудармай қызмет етіп келе жатқан Күлзипа Мырзағұлқызы нағыз тәрбиеші десек жарасады. Себебі ол үйінде жүрсе де, ертеңгі күнін, бүлдіршіндермен қалай жұмыс істейтінін жоспарлап отырады. Ол балабақшада білікті тәрбиеші болса, отбасында аяулы жар, ардақты ана, сүйікті әже. Жолдасымен 2 ұл, 4 қыз өсіріп, 16 немере сүйіп отыр.
«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деген екен М.Шаханов. Ендеше жас ұрпақтың білікті де білімді, ұшқыр ойлы, қабілетті, шебер, ақылды болып өсуі жолында білікті мамандар үнемі қажет.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ