Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбие басы – тал бесік

Тәрбие басы – тал бесік

«Тәрбие тал бесіктен бас­талады» демекші сәби дүниеге келген сәттен бас­тап оның тәрбиесімен айналысу керек. Бұл тұрғыда ата-ана мен отбасының атқарар рөлі зор. Ал уақыт өте баланың бұғанасы қатқаннан кейін ол әртүрлі ортадан тәлім алады. Осы орайда бүлдіршіннің тәрбие алатын алғашқы баспалдағы – балабақша. Иә, бүгінде балабақшаның тәрбиеленушілері жан-жақты білім алып, өздерінің ой-өрісін дамытып жүр. Соның бір дәлелі – Еңбекші ауылындағы «Нұр-бөбек» бөбекжай бақшасы.
Жуырда аталған бала­бақшада тәрбиеші Ұлбазар Нарикбаеваның ұйымдастыруымен «Көлең­келі театр» тақыр­ыбында шеберлік сағаты өтті. Бұл сабақта бүлдіршіндер театрдағы тың өнермен таныс­ты. Сондай-ақ театр­ түрлері сан қырынан зерттеліп, тәрбиеленушілер ерекше әлемге тап болғандай әсер алды. Ертегі мен әдеби шығармаларды жақсы көретін балалар өз қызығушылығын жасыра алмады. Айта кет­ейік, қазіргі таңда осы балабақшада әртүрлі рөлді сомдау мен қойылымдар қою үздіксіз жүруде. Міне, осылайша балабақша тәрбиешілері балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, қазақы ертегілермен сусындауды да қолға алған.

Маржан БОЛАТҚЫЗЫ
09 наурыз 2020 ж. 1 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031