Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша – бақыт мекені

Балабақша – бақыт мекені

Балабақша – баланың жүйелі түрде тәрбие алатын ең алғашқы білім ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің мықты болуы сол бөбекжайда қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтсақ тәрбиешіге байланысты. М.Жұмабаевтың «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап шығаруы керек» деген сөзін ұстанған «Жөлек» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Гүлсім Тұрсынбек, балабақша бүлдіршіні Інжу Дүйсенбайды Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдық, Алатаудың шыңы, ән кемеңгері К.Әзірбаевтың 135 жылдық, Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 125 жылдық, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Ә.Қастеевтің 115 жылдық, қазақ киносының анасы, даңқты актриса Ә.Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойларына арналған «Мәңгілік ел алыптары» республикалық рухани-патриоттық байқауына қатыстырып, бас жүлдені иеленді. «Жеті өнер» шығармашылық орталығының Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқауына тегін жолдама алды. Балабақшаны бала бағбандары мекені дей келе, балабақша ұжымына әрбір бүлдіршіннің жүрегіне жол таба біліп, көптеген жетістіктерге жете беріңіздер демекпін.

Шұға Баймаханова,
№152 қазақ орта мектебінің мұғалімі
04 ақпан 2020 ж. 980 0