Баланың бәрі бақытты болуға жаралған
Балаларының келешегі жөнінде ойланбайтын, балаларының қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістікке жетуін армандамайтын ата-аналар табу өте қиын. Сондықтан болар кішкентай баласының қарым-қабілетін аңғарып, жастайынан өнер білімге баулуға құштар болады. Былдырлаған бала тілінің одан әрі жетілуі үшін ең әуелі балабақшаға, одан соң мектеп қабырғасына жібереді. Осылайша, өз ортасына бейімделген бала болашақты бағамдай бастайды.
Бүгін балаларды қорғау күні қарсаңында Шиелі ауданындағы бүлдіршіндер жайында аз-кем ақпаратты да оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Жалпы ауданда 0-6 жас аралығында 11560 бала бар. Оның 6484 бүлдіршіні мектепке дейінгі балабақшалармен қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру ошақтарының санына тоқталар болсақ, ауданда 103 балабақша бар. Оның 18-і мемлекеттік, 75-і жеке, 10-ы шағын орталық балалар үшін жұмыс жасайды. Балабақшадағы бүлдіршіндердің дені 3 пен 6 жас аралығын қамтиды екен.

Шиелі ауданына қарасты 22 ауылдық округ болса, онда 40 білім ошағы ұрпақ тәрбиелеу ісімен айналысып келеді. Яғни, ауданда 18440 оқушы бар. Оның ішінде 37 мектеп 3387 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған тағы бір мәселе, балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен инклюзивті білім беру ісі. Яғни, жоғарыда атап өткен 40 мектептің 30-ында инклюзивті білім беріледі. Яғни, мүмкіндігі шектеулі 706 бала білім алудан шетте қалмайды деген сөз. Оның 176-сы үйден оқытылады.
Ия, өмірге келген әрбір сәби бақытты ғұмыр кешуге лайықты. Олар мемлекеттің қолдауын сезініп, болашаққа нық қадам жасай алатын егеменді елдің еркін ұрпақтары болуы тиіс. Ол үшін балалар құқығын қорғап, жасөспірімдердің жәбір көруіне жол бермеуіміз керек.
Ақбота МҰРАТҚЫЗЫ