Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық емханаларда ашық есік күні өтті

Қызылордалық емханаларда ашық есік күні өтті


Қызылордалық емханалар Елорда күніне орай ашық есік күнін өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара шеңберінде кез келген тұрғын емдеу мекемесіне келіп, алдын ала жазылусыз мамандардан кеңес алды. Ультрадыбыстық зерттеу, қан қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейін білу мүмкіндігіне де ие болды. Мәселен, №3 емханада өткен акцияның алғашқы сағаттарында жүзге жуық тұрғын келген. Денсаулық шарасы осы аптаның соңына дейін жалғасады.
Ләйла Күдербаева, қала тұрғыны:
- Қан қысымым жоғары еді. Соны өлшетіп келіп жатырмыз. Сонымен енді дәрігерге барып, ем-дом алуға бара жатырмыз.
Гүлстан Мақсұтова, №3 емхананың бас дәрігері:
- Ашық есік күндерінде біз өзіміздің тіркелген халықтарымызға қан қысымын, қантын, холестеринін, бойын, салмағын өлшеп, ауытқу болған жағдайда соларға кеңес беріп жасап жатырмыз.
05 шілде 2019 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031