Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте медицина қызметкерлері баспаналы болды

Шымкентте медицина қызметкерлері баспаналы болды

ШÑмкенÑÑе медиÑина ÒÑзмеÑкеÑлеÑÑ Ð±Ð°ÑÐ¿Ð°Ð½Ð°Ð»Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ
Шымкентте медицина қызметкерлері төл мерекесіне орай баспаналы болды.  Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов тоғыз дәрігерге пәтер кілтін тапсырды. Тағы бір топ сала қызметкеріне мерекелік медаль мен марапаттар табысталды. Шаһарда жыл соңына дейін екі аурухана күрделі жөндеуден өтеді. Оның бірі №2 аурухана болса, екіншісі қалалық перзентхана. Келер жылға дейін миллионды мегаполисте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тағы 8 емхана бой көтереді деген жоспар бар. Бұған қоса жаңа 1200 орындық көп салалы аурухана салынады. Ал жәдел жәрдем стансалары 100 жаңа көлікпен толығады. Кәсіби мерекеге орай дәрігерлер арасында сайыс өтті. Жедел жәрдем бригадалары мен емхана дәрігерлерінен құралған 14 команда науқасқа  алғашқы көмек көрсету бойынша сынға түсті.
Гүлнәр Құрманбекова, қалалық жедел жәрдем көрсету стансасының бас дәрігері:
- Біз қандай жерлерде дұрыс жасамай жатырмыз немесе жедел жасамай жатырмыз. Сол өзіміздің негізгі жұмыстарымызды жарыс етіп көрсетіп жатырмыз. Мамандарымызды, дәрігерлерімізді фельдшерлерімізді халықаралық стандарттармен оқытып жатырмыз. Соның нәтижесін бүгін көреміз, үлкен нәтиже аламыз деп тұрмын.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/322096-shymkentte-meditsina-yzmetkerleri-baspanaly-boldy
15 маусым 2019 ж. 642 0