Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Науқастың бауырын жылдам ауыстырған Шымкент дәрігерлері рекорд орнатты

Науқастың бауырын жылдам ауыстырған Шымкент дәрігерлері рекорд орнатты

Шымкентте қалалық 1-ші аурухана дәрігерлері науқастың бауырын 5 сағ 48 минут ішінде ауыстырып, Қазақстан рекордын жаңартты. Бұрын мұндай күрделі ота 13-18 сағат уақытта жасалатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.





Ота 1981 жылы туған ер азаматқа жасалды.
38 жастағы науқас бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ем қабылдапты.
Алматыда дәрігерлер науқасқа трансплантация жасаудан бас тартқан.
Шымкентте осындай сипаттағы оталардың жасалу тәжірибесі мол екендігін естіген науқас жігіт толық тексерілуден өтіп, дәрігерлер оны бауыр алмастыру отасына дайындаған.
Қажетті ем дом шараларын толық қабылдаған науқасқа 1985 жылы туған туысы донор болыпты.
Күрделі отаны аурухананың бас дәрігері Абылай Әбдіжаппарұлы Донбай бастаған білікті ақ халаттылар жасаған.
"Күрделі отаны барынша аз уақытта жасау ота кезіндегі қан жоғалтуды азайтып, наркоз препараттарына жұмсалатын шығынның кемуіне сеп. Науқастың жарасы тез жазылып, қалыпқа келуі де тез. Келешекте трансплантацияны бұдан да жылдам уақытта жасауды жоспарлап отырмыз"-деді аурухана дәрігерлері.
02 мамыр 2019 ж. 716 0