Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда алғаш рет жамбас-сан буынына күрделі операция жасалды 

Түркістанда алғаш рет жамбас-сан буынына күрделі операция жасалды 


Түркістан қалалық орталық ауруханасында алғаш рет жамбас-сан буыны жасанды буынмен алмастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жылдар бойы аяғы сырқырап, төсек тартып жатып қалған қос науқасқа күрделі операция жасалды. Олардың жамбас-сан буыны дамымай қалған. Облыстың білікті дәрігерлері жаңа технологияның көмегімен эндопротездеу операциясын сәтті аяқтады. Ақ халаттылардың айтуынша, Америкадан әкелінген имплантат, яғни жасанды буынмен ұзақ жылдар бойы жүріп, тұруға болады. Ауруханаға балдаққа сүйеніп келген жандар енді екі аяғын тең басып шықпақ. «Қазір жағдайлары жақсы», – дейді дәрігерлер. Операцияның ойдағыдай өткенін, енді өз аяқтарымен жүре алатынын естіген емделушілердің қуынышында шек жоқ деп отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жамбас пен тізе ауруы дүние жүзі бойынша жүрек-қантамыр дертінен кейінгі екінші орында тұр. Дәрігерлер оның 50 мен 60 жас аралығындағы адамдарда жиі кездесетінін айтады. «Ауру асқынғанда тек операция жасау арқылы ғана бетін бері қайтаруға болады», – дейді ақ халаттылар. Әбдіғани Құдайбергенов, облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі: – Операция сәтті аяқталды. Операция кезінде науқас өзімізбен сөйлесіп жатты. Бел омыртқасынан анестезия жасадық. Екі-үш күннен кейін науқас орнынан тұрады деп ойлаймын. Реабилитациялық емнен кейін ортамызға орналады. Олардың жамбас-сан аурулары осымен тоқтайды.
www.24.kz
20 ақпан 2019 ж. 1 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031