Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ас қорыту жолдарына пышақсыз операция жасалды 

Қызылордада ас қорыту жолдарына пышақсыз операция жасалды 

Қызылордада алғаш рет өңеш, асқазан және тоқ ішек обырына шалдыққан науқастарға операция жасалды. Денені теспей, кеспей, лазерлік жолмен жасау жолдарын Корея Республикасының дәрігерлері көрсетіп берді. Жергілікті ақ халаттылар корейлік жетекші клиника мамандарымен бірігіп, қатерлі ісік анықталған 10 науқастың денсаулығын түзеуге атсалысады. Ішкі ағза мүшелерін 3D көрсету құралдары қолданылған операциялардың тиімділігі өте жоғары және науқас тез оңалады. Корея Республикасының гранты бойынша сырбойылық хирургтер сол елдің озық медициналық орталығында 2 ай тағылымдамадан өткен болатын. Бұдан былай операция кезегінде тұрған қызылордалықтарға, басқа ірі қалаларға бару қажеттілігі азаяды.  Нұржан Қылышбеков, хирург: - Мұндай операциялар үлкен орталықтарда Алматы, Астанада ғана жасалынатын. Естуімше, тек Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығында ғана өңеш ахелазиясына жасалынады операция. Шеберлік класы арқылы міне бүгін біздің орталықта 1-рет операция жасалып жатыр.

www.24.kz
04 қазан 2018 ж. 2 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930