Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия азаматы бүйрегін Шымкентте ауыстырды

Германия азаматы бүйрегін Шымкентте ауыстырды



Бұл – Оңтүстік Қазақстанда шетел азаматына жасалған тұңғыш операция. Дәрігерлер 4 сағатқа созылған ота сәтті өтті деп отыр. Науқасқа украиналық туысы донор болған. Дәрігерлердің айтуынша, 50 жастағы шетел азаматын ота бағасының тым арзандығы қызықтырған. Ол 4,5 миллион теңге. Ал Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен 60-70 мың доллар шамасында екен. 
"Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы дұрыс. Үйіне шығарайын деп жатырмыз, Құдай қаласа, шығады. Әрі қарай кезекте тұрған  Румыния азаматары келе жатыр, кейін Болгариядан азаматтар келе жатыр", – дейді Шымкент қалалық ЖМКК ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев.
Шымкентте бүйрек ауыстыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Содан бері жүзден астам адамның мүшесі трансплантацияланды. Оның біреуіне мәйіт бүйрегі салынса, өзгелеріне  туыстары донор болған.  
 Today.kz
11 ақпан 2018 ж. 923 0