Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде 40 градус аязда қарға шомылатын азамат ауруынан құлан таза айығып кетті

Ақтөбеде 40 градус аязда қарға шомылатын азамат ауруынан құлан таза айығып кетті

Облыстағы жедел жәрдем қызметінің фельдшер маманы болып жұмыс істейтін Алмагүл Базарбаева үш баласы мен жолдасының 40 градус аязды күндері қарға қалай шомылатынын айтып берді.
"Жолдасым үш жылдан бері қарға шомылады. Ол аллергиямен қиналып көп жерге барды. Денсаулығын қаратпаған жері жоқ, үнемі дәрімен жүретін. Үш жыл бұрын қарға шомылуды бастады. Содан бастап аллергиялық ауруы сап тыйылды десе болады.11 және 7 жастағы ұлдарым әкелеріне еріп екі жылдан бері қарға жуынып жүр. Алты жастағы қызым оларға биыл қосылды. Мен басында қызымның аязға шынығуына қарсы болдым. Қыз бала болған соң одан қорқып, аязға жалаңаш шығаруға қорықтым. Бірақ, бала болған соң ағаларының жасағанын көріп, олар далаға шығатын кезде еңіреп жылап қалады. Қоймаған соң биыл оны да шығардық", - дейді Алмагүл Базарбаева.
Үш баласымен бірге қарға шомылып жатқан азамат.
Үш бала тәрбиелеп отырған медицина саласының маманы денені шынықтырудың да өз тәртібі бар екенін айтады.
"Жолдасым күнде үш баласын ертіп далаға шығады. Жаттығуды үзген емес. Бірінші далаға шыққанда салқынға бойды үйрету керек. Денені аяз шымшығаннан кейін қармен үйкейді. Қардың суы бойға сіңу керек, сүртуге болмайды. Жаттығу небәрі 10 минуттай уақытқа созылады.Үйге келгенде денені сүртпей, қар суын бойларында кептіреді. Әбден кепкеннен кейін кейініп алады. Жаттығуды жел жерде жасауға болмайды. Ық жерді таңдау керек. Аяз күшті болған сайын денсаулыққа жақсы. Балалар әкелерімен 40 градус аязды күндері де жаттығуларын жасайды", - дейді Алмагүл Базарбаева.
27 қаңтар 2018 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031