Атырауда жедел жәрдем қызметінің жаңа бекеті ашылды
Атыраудағы “Нұрсая” ықшамауданында жедел жәрдем қызметінің жаңа нысаны ашылды. Салтанатты шара Қала күніне орай өткізілді. Бекеттің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов пен Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева қатысты.Жақын арада “Нұрсая” ықшамауданында мемлекеттік-жекешелік әріпстестік аясында 12 мың тұрғынға қызмет көрсете алатын жаңа емхана салынады. Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен жергілікті бюджет және мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен жуық арада Атырауда тағы бір бекет, сонымен қатар 3 қосалқы жедел жәрдем бекеті ашылады, – дейді Мәншүк Аймурзиева.
https://baribar.kz/








