Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда облыстық жедел жәрдем орталығы ашылды 

Түркістанда облыстық жедел жәрдем орталығы ашылды 


Түркістан қаласында «Облыстық медициналық жедел жәрдем орталығы» ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Заман талабына сай жабдықталған жаңа станция 100% сандық жүйеге қосылған. Бұған дейін қалалық жедел жәрдем станциясы болып келген мекеме енді облыстық мәртебеге ие. Сондай-ақ жаңа медициналық ғимаратқа көшірілді. Орталық «Көмек» бағдарламасының басқару жүйесіне ауысты. Бұл жерде Call-орталығы жұмыс істейді. Барлық аудандардағы жедел жәрдем стансасының жұмысы осы орталықтың қадағалауында болады. Келер жылдан бастап Түркістан облысында перинаталдық, мамандандырылған кардиологиялық, онкологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық орталықтар мен емханалар салынады. Биыл медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қондырғылармен қамтамасыз етуге 8 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері 47 санитарлық және арнайы автокөлік сатып алынған. Жаңа станцияның ашылу салтанатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев орталыққа арнайы медициналық көліктерді сыйға тартты. Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: - Бұл облыс бойынша қамтамасыз ететін болады. Бұл жерде барлығы автоматтандырылған жүйе. Ауданнан түскен шақыртулар осы жерден басқарылып, барлық жерге таратылып отыратын болады. «Көмек» жүйесін орнатып, қазір жедел жәрдем көліктерінің барлығын осы орталыққа беріп отырмыз. Біздің мақсатымыз - жедел жәрдем көмегін  аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, тез уақытында жеткізу.
www.24.kz
27 желтоқсан 2018 ж. 1 545 0