Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодарда жедел-жәрдем станциясы цифрландыру жүйесіне толық көшті

Павлодарда жедел-жәрдем станциясы цифрландыру жүйесіне толық көшті

Фото: автор

Павлодар. BAQ.KZ. Ертіс өңіріндегі жедел-жәрдем станциясының қызметі цифрландыру жүйесіне толық көншті. Инновациялық жобалардың арқасында науқастарға жету укқыты екі есе қысқарып, шақыртуды оңдеу уақыты небары екі минутты құрады.

Цифрландыру аясында жедел-жірдем бригадалары қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, заманауи көліктерге ие болған. Бүгінде жедел-жәрдем станциясы құрамында 65 дәрігерлер бригадасы жұмыс істейді. Бұл – 1000-нан астам деген сөз.
Павлодар жедел-жәрдем станциясы күніне 800-ге жуық шақырту бойынша қызмет көрсетеді. Ал жыл басынан бері 250 мыңға жуық адамға сапалы медициналық көмек көрсетілді. Мамандардың айтуынша, цифрлық технологиялардың арқасында жедел-жәрдем көліктерінің қай жерде жүргенін бақылап, әр қадамына монитоирнг жасауға мүмкіндік туды. шақыртуларды қабылдау орталықтандырылған жүйеге көшірілді.
Павлодар жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері Қанадан Ахметжановтың айтуынша, құрылымда оң өзгерістер орын алды.
«Елбасы Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды бөлігі екенін баса айтты. Бұл бағытта маңызды жұмыстарды қолға алдық. Мәселен, инновациялық жобаларды жүзеге асырып, озат елдерден асып түспесек, кем емеспіз. Бригадалардың сырқатқа жету ақыты сегіз минутқа қысқарды, ал қала сыртындағы жол апаттарына жету уақыты 14 минутты құрады. Бұл – еліміздегі жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, сәтті реанимация көрсеткіші артты. Мамандар сын сағатта науқасқа жетіп, өміріне араша болды», - дейді Қанадан Ахметжанов.
Барлық бригадалар смартфон, планшеттер мен ноутбуктармен толық қамтылған. Сонымен қатар, кез келген дәрігерлер тобына навигациялық жүйе қолжетімді.
Мамандар инсульт, қантамыр айналымы аурулары және жол-көлік оқиғалары бойынша түсетін шақыртулардың көбейіп кеткенін айтуда. Осы үш бағыттаға шақыртулардың саны артқан.
Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері психоневрологиялық бригадаға инсульт алған науқастардан 1772 шақырту түскен. Өсім байқалады. Ал жол-көлік оқиғаларына жыл басынан бері 508 рет шыққан. Бұл 10%-ға артық көрсеткіш. Адамны ңөмірін сақтап қалу мақсатында дәрігерлердің біліктілігіне баса назар аударылады.
Айта кетейік, қағазбастылықтан арылудың арқасында бір жылда 10 млн. теңге үнемделген. Бұл қаражат станцияның өзге қажеттіліктеріне жұмсалады деп күтілуде.

Baq.kz
21 қазан 2018 ж. 973 0