Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі
Қазақ халқы қай уақытта болсын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір білім ошағының тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Ал ұжымның ұйытқысы болып, педагогтарды үнемі ізденуге, біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруге жетелейтін әрине – білікті басшы.
Жас ұрпақты болашақта ата-анасының мақтанышы, адамгершілігі мол азамат етіп өсіру жолында «Аймира» балабақшасы ұжымы аянбай тер төгіп келеді. Бұл ретте, білікті басшы, жаңашыл іскер, балабақша меңгерушісі Ақерке Баймаханованың жетістігінің өзі бір төбе. Үнемі ізденісте жүретін ол түрлі шаралардағы белсенділігі мен жас бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Үздік педагог» төсбелгісі және «Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығы» мерекелік медалімен, бірнеше мәрте аудан әкімінің, халықаралық білім беру академияларының алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ «Жаңашыл ұстаз», «Үздік жетекші» номинацияларының иегері.
Жас ұрпақты болашақта ата-анасының мақтанышы, адамгершілігі мол азамат етіп өсіру жолында «Аймира» балабақшасы ұжымы аянбай тер төгіп келеді. Бұл ретте, білікті басшы, жаңашыл іскер, балабақша меңгерушісі Ақерке Баймаханованың жетістігінің өзі бір төбе. Үнемі ізденісте жүретін ол түрлі шаралардағы белсенділігі мен жас бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Үздік педагог» төсбелгісі және «Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығы» мерекелік медалімен, бірнеше мәрте аудан әкімінің, халықаралық білім беру академияларының алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ «Жаңашыл ұстаз», «Үздік жетекші» номинацияларының иегері.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, ақынның даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар мен тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
– Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Оларды қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Біздің балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Балабақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына тәрбиешілердің педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәрбиеші ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануға тырысамыз. Себебі қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын байқауға болады, – дейді Ақерке Есенәліқызы.
Иә еліміздің нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – ол балабақша. Бүгінде «Аймира» балабақшасында 25 тәжірибелі тәрбиеші мен кіші қызметкер еңбек етеді. Бүлдіршіндер ордасында 100-ге жуық бала тәрбиеленуде. Балабақшада түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балапандардың ақыл-ойын, тілін, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға барлық жағдай жасалған. Әсіресе балабақша ұжымының әр мерекені ерекше дайындықпен ұйымдастыратыны ата-аналарды қуантады. Ата-ана демекші, білім ұясында тәрбиешілер әр баланың әке-шешесімен жеке жұмыс жасайтынын байқадық.
– Ата-аналармен түрлі семинар-тренингтер, сұрақ-жауап ұйымдастырып, үнемі ой-пкірін біліп, санасып отырамыз. Бұл бала тәрбиесіндегі ең басты қажеттілік, – дейді балабақша меңгерушісі. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, ата-ана мен балабақшаның бала тәрбиесіне бей-жай қарамай, екіжақты еңбек ететіні көңілге қуаныш сыйлады.
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білікті, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде.
– Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын, – дейді А.Баймаханова.
Бүгінде балабақшада заманауи әдіс-тәсілдердің көмегімен балаларға көптеген сабақтар өткізіледі. Тақырыптық сабақ негізінде бүлдіршіннің ой-өрісін, сөйлеу қабілетін дамытады. Сонымен бірге тәрбиешілер ойын түрінде сабақтың мазмұнын аша түседі. Бұл ретте баланы жалықтырып алмас үшін педагогикалық, логикалық тапсырма беріледі. Әрбір баланың өзіндік ерекшеліктеріне сай өнерге баулиды. Соның нәтижесі болса керек, өнерлі өрендер түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінуде.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытатын білікті басшы мен білімді тәрбиешілердің еңбегі қашанда еселі болмақ.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ