Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ғажайып саяхат» жасаған балалар

«Ғажайып саяхат» жасаған балалар

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде тиімді ­заманауи әдістер мен технологияларды қолдану маңызды. Ертеңгі ел болашағы үшін балабақша үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы саналады. Осы мақсатта «Бегайна» жеке балабақшасында «Ғажайып ­саяхат» тақырыбында аудандық семинар өтті.
­Шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Илиаджиева және өзге де балабақшалардың қызметкерлері қатысты. Ең алдымен балғындар ерекше таңғы жаттығу жасап, ал семинарға қатысушылар арасында сергіту сәті болды. Содан соң балабақша әдіскері Шара Әбілова жиналғандарды «Ғажайып саяхат» білім беру саласы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілі оқу бағдарламасы бойынша презентацияға шолу жасап, таныстырды. Ал балабақша тәрбиешісі Ләйла Тұрарқызы балалармен «Ғажайып саяхат» жасап қайтты.
«Ғажайып саяхат» тақырыбында өткен семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Илиаджиева қорытындылап, арнайы алғыс хатпен марапаттады. Жиналғандар жаңаша оқытудың тың жаңалықтарымен бөліскен ұжымға ризашылықтарын білдіріп, семинарға жоғары баға берді.
Айта кеткен жөн, аудандағы ­«Бегайна» жеке балабақшасы 2013 жылдың қазан айында 4 топ, 90 орынға арналып ашылды. Қазіргі таңда 32 қызметкер жұмыс істейді. Оның 12-сі – педагог. Балабақша құрылтайшысы – Сара ­Ерденова. Балабақша әр жаңа оқу жылынан бастап жазғы сауықтыру шараларына дейін жоспарға сәйкес түрлі мерекелік іс-шаралар өткізеді. Мұнда «Балдырған», «Күншуақ», «Жидектер», «Жұлдыздар» тобы бар. Балабақша меңгерушісі Эльмира Палымбетова бұл салада біраз жылдан бері қызмет етіп келеді.
Баланы бастан өнер-білімге ­бау­литын тәрбиешілер аудандық облыстық, республикалық жарыстарға балдырғандарды үнемі қатыстырып отырады. Тәрбиешілер де тәрбиеленушілер де талаптың тұлпарын мініп, талай белесті бағындырарына бек сенімді.

Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
27 маусым 2022 ж. 266 0