Дені сау оқушы – ұлт болашағы

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Әрине, мектепте дене тәрбие пәні жүргізіледі. Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болып, бойында қуат күші молайып, жан-жақты дами түседі. Денсаулық пен өмірді жақсарту үшін спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы.
Иә, адам өмірінде спорт пен дене шынықтырудың қаншалықты маңызды екенін айтып жатудың өзі артық. Ал бос уақытты мазмұнды өткізу мен өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы алатын орны бөлек. Айта кетейік, мектеп қабырғасында оқытылатын әрбір пән өзіндік ерекше маңызға ие. «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың жаны сау» десек мектептегі «Дене тәрбиесі» сабағы дені сау ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған. Дене шынықтыру пәні ол тек жаттығуларды орындау ғана емес, оқушыларды еңбексүйгіштікке, қажырлылыққа, төзімділікке, батылдыққа, батырлыққа, жігерлілікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке баулитын пән. Ол адамның тәнін ғана емес, жан дүниесін, рухын тәрбиелейді. Жуырда №251 мектептің 5-6 сынып оқушылары арасында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы аяқтың ұшымен допты алып, кедергілер арасынан алып жүру, яғни ептілікке баулу. Кез келген ойын – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіруі тиіс. Спортқа қызығушылығын оятуы қажет.
Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спорттың тəрбиелік құндылығы мектепте .
Айбек Асанов,
№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектептің Дене шынықтыру пәні мұғалімі
№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектептің Дене шынықтыру пәні мұғалімі