Спорт – денсаулық кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнап жариялаған Жолдауында «бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында және ауылдарда спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?» деп мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, жаңғыртып, түрлі бағытта оларға тәлім-тәрбие беру керектігін атап көрсеткен болатын.
Бірінші байлық – денсаулық. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Әрине, мектепте дене тәрбие пәні жүргізіледі. Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болып, бойында қуат күші молайып, жан-жақты дами түседі. Денсаулық пен өмірді жақсарту үшін спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы.

Иә, адам өмірінде спорт пен дене шынықтырудың қаншалықты маңызды екенін айтып жатудың өзі артық. Ал бос уақытты мазмұнды өткізу мен өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы алатын орны бөлек. Айта кетейік, мектеп қабырғасында оқытылатын әрбір пән өзіндік ерекше маңызға ие. «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың жаны сау» десек мектептегі «Дене тәрбиесі» сабағы дені сау ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған. Дене шанықтыру пәні ол тек жаттығуларды орындау ғана емес, оқушыларды еңбексүйгіштікке, қажырлылыққа, төзімділікке, батылдыққа, батырлыққа, жігерлілікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке баулитын пән. Ол адамның тәнін ғана емес, жан дүниесін, рухын тәрбиелейді. Жуырда №251 мектептің 5-6 сынып оқушылары арасында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы аяқтың ұшымен допты алып, кедергілер арасынан алып жүру, яғни ептілікке баулу. Кез келген ойын – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіруі тиіс. Спортқа қызығушылығын оятуы қажет.
Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спорттың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ.
Рахат Палжанов,
№251 М.Әуезов атындағы
мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
№251 М.Әуезов атындағы
мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі