Ерлік даңқы өшпейді
Жылдар өтсе де ұмытылмайтын сәттер, оқиғалар болады. Тарих сонысымен құнды. От пен оқтың ортасында жүріп, бейбітшілік үшін күрескен майдангерлердің ерлігі ел есінде ұмытылмақ емес. Тіпті, жеңіс үшін, елімізден майданға сан мыңдаған сарбаз аттанып, олардың көбісі соғыс даласында қаза тапты. Сондай қан майданда «Отан үшін күрес» деп ұрандатып, ерлікпен қаза тапқандардың қатарында – Ержан Әбдиев те бар.
«Ер есімі – ел есінде». Дәл осындай атаумен жұма күні №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында Ержан Серікұлын еске алу кеші өтті. Рухани тағылымдық кешке аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, ҚР Ұлттық ұлан 55/47 әскери бөлімі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Асылбек Ербошаев, аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахтияр Шәкірбекұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Жаукеев, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушы Ержан Әбдиевтің әкесі Серік Әбдіұлы, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ержан Әбдешов, тәжік-ауған шекарасында ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері аудандық қоғам бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байжанов, ҚР ҰҚҚ шекара қызметі Қызылорда облысы департаментінің Шиелі шекара бөлімі бастығының орынбасары, аға лейтенант Дәулет Маратұлы қатысты.

Тағлымға толы шараның шымылдығы «Елім менің аңсаған» әнімен түрілді. Одан соң мемлекеттік Әнұран шырқалып, қан майданда ұрыс даласында қаза болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов ел басына күн туғанда жауынгерлік ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеткен қаһармандарымызды бүгінгі қазақ елінің ұрпағы әрдайым мақтан ететіндігін айтты. Сондай-ақ, жастардың бейбіт өмірдің бағасын біліп, өз Отанын сүюге, елінің патриоты болуына тілектестігін білдірді.
Жиналған оқушылар, ұстаздар, қонақтар бір сәтке тәжік-ауған соғысына арналған бейнероликті тамашалды. Абыройлы әкенің тәлімін алған ержүрек ұлдың майдан даласына елін, туған жерін қорғауға аттанған сәтін елестетті. Ұрыс даласында жас жауынгердің қайтпас қайсарлығы мен қиян-кескі ұрыстарға кіріп, оқ пен оттың ортасында кеудесін оққа төсеп, жауға қарсы шығып, елі үшін, туған жері үшін танытқан қаһармандығы өте шебер сомдалып, мектеп оқушыларының көңілін тербеді.
Айта кетейік, полиция бөлімінің қызметкерлері Ержан Әбдиевтің әкесі Серік Әбдіұлының кеудесіне «Офицердің әкесі» төсбелгісін тағып, сый-сияпат жасады.
Осылайша, көпке ой салып, әсіресе ер азаматтарымыздың Отан алдындағы абыройлы борышын еске салып, намысын қайраған көрініс одан әрі тақырыпқа сай концерттік бағдарламаға ұласты. Мектеп оқушылары, ұстаздары патриоттық рухты жаныған әндерін шырқап, өлең оқып, көптің ыстық ықыласына бөленді.
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ