Тәшім атаның тілегі
Азамат атына лайық, адами қасиеттерге бай қым-қуыт өмірде көппен біте қайнасып, бірге жүрген қарапайым жандар аз болмаған. Кімнің кім екенін азаматтың өткен жолы, атқарған еңбегі, қоғамдағы бедел-бедері, отбасындағы адами қасиеттері анықтаса керек-ті. Ендеше елі елеген, халқы қалаған қарапайым, қасиет пен мінезге бай, Сыр өңіріне белгілі тұлғаның бірі – Тәшім Жәлтенов туралы ой толғап, қалам тартуды жөн деп таптық.
Бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан қария Шиелі кентінде 1941 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Айналасымен тез тіл табысқыш, зерек бала кішкентайынан оқу-білімге құштар еді. Алайда Тәшім бес жасында қапияда әкесінен айырылады. Бұл ол үшін жеңіл соққы болған жоқ. Бірақ не бала, не кәрі деп қарамайтын күнделікті күйбең жігерін жасытпады. Таң атқаннан кеш батқанға дейін жалғасатын жұмыс жеңіл емес-тін. Оның үстіне сабаққа да үлгеру керек. Осылайша қатаң кестемен 7-сыныпты бітірген бозбаланы алда колхоз тіршілігі күтіп тұрған. Содан «Гигант» колхозының Көкшоқы бөлімшесіне жалдамалы жұмысшы болып еңбек етті.

Өзінің айтуынша – «Еңбек еткеннің еңсесі биік» деген. Бөлімшенің бригадирі Хан Роман деген кәріс азаматы болды. Өзінің қажыр қайратының арқасында үлкен табысқа жетіп «Ленин орденімен» марапатталды. Менің де еңбегім ескеріліп жыл соңында 900 кг бидай алдым. Ол сол кезде үлкен байлық болатын, – деп Тәшім аға өткенін еске алды.
Одан соң жастық жігерінің барлығын ел дамуына арнады. 1957 жылы Шиелі ауданаралық өндіріс комбинатында жұмыс істеген. Мұнан соң РТС-тің ММО бөлімшесінің басшысы Әмірхан Әжікеев және инженер Болат Бегімбетовтер жалындап тұрған жас жігітті бірден жұмысқа қабылдайды. Ол жерде трубалар құйып, оны күріштің атасы Ы.Жақаевтың күріш алқабына алып барып, орнатқан екен. Кейіннен 1961 жылы колхозаралық құрылыс мекемесінде құрылысшы қызметін атқарған. Ол жерде де бетонщик, каменщик, сылақшы, плотник секілді жұмыстарды атқарған. 1974 жылы коммунистік партияның мүшелігіне қабылданады. 1976 жылы Алматыдағы оқу комбинатқа «Крановщик» оқуын ойдағыдай тәмамдап, ауданда 10 жылдай еңбек етті.
Ел мүддесін нығайтуды басты мақсат еткен ерлердің маңдай тері бағаланғанға не жетсін?! Балалық шағы қиындықпен өткесін бе, оның бойында жұмысқа деген ынтасы мен тың идеялары ешқашан өшкен емес. Кеудесінде жарқыраған марапаттар ақсақалдың ауыртпашылық пен өнегеге толы өмірін айшықтағандай. Оның ең алғашқысы 1979 жылы «Құрылысшылар күніне орай «Урал» мотоциклін сыйға береді. 1986 жылы ұзақ жыл атқарған еңбегі еленіп «Еңбек ардагері» медальімен, «Казмехколхозстройдың» құрмет грамотасымен марапатталған.
Көпке қадірлі қария отбасында құдай қосқан қосағы Кенжегүл Абылаевамен 10 бала тәрбиелеп, өсірген. Бүгінде солардан 50 немере, 20 шөбере сүйіп отыр. Текті ұрпақтың тұяғының ендігі арман-тілеуі – елдің тыныштығы, ағайын-туыстың амандығы, туған жердің мерейінің үстемдігі.
Шапағат ШАҒДАТҰЛЫ